СЕН АҚПАРАТПЕН АЙНАЛЫСПАСАҢ, АҚПАРАТ СЕНIМЕН АЙНАЛЫСАТЫН БОЛАДЫ

Асхат Еркiмбай — "Neweurasia.net" блогының қазақ бөлiмiнiң модераторы. Интернетте блог жасау, оны қалай жүргiзу керектiгiн журналистер мен студенттер арасында үйретуге белсене араласып жүр. Бiз Асхатпен интернет, бiлiм және журналистика жайындағы ойларымен бөлiсу үшiн әңгiмелескен едiк.

— Асхат, қазақ тiлiнде интернеттiң дамымай жатқаны айтпаса да түсiнiктi. Ал, сен осы бiр олқылықтың орнын толтыру үшiн бiраз iс-шаралар атқарып жатырсың. Жалпы, қазiргi қазақтiлдi интернеттiң хал-жағдайы туралы не айтар едiң?

— Бiз оқып жүрген кезде интернеттегi дүниенiң бәрi орысша болды. "Бұл неге қазақша емес?" деген ойдың өзiнен-өзi туындағаны белгiлi. Бiрақ, ол кезде интернеттен бұрын қазақ шрифiнiң мәселесi күн тәртiбiнде тұрған едi. Windows-тiң өзiнде қарiп мәселесi проблема болатын. Бiр компьютер екiншi компьютердi түсiнбейтiн. Әрбiр програмист өзiнше бағдарлама жасап, бұл мәселенi айналып өтуге тырысып жүрдi. Уақыт өте келе, қарiп жетiлдiрiлiп, windows-та ортақ Times New Roman әрiп түрi кең қолданысқа көштi. Осы жайттар қазақ тiлiндегi интернет сайттардың санының артуына себеп болды. Алайда, программалауда қазақ тiлi қарпiнiң мәселесi түбегейлi шешiмiн тапты деу ертерек тәрiздi. Менiң ойымша, қазақ тiлiндегi ең жақсы сайт — "Қаз ақпарат" агенттiгiнiң сайты болды. Бұдан кейiн көш аздап жөнделе бастады.

Мен БҰҰ-ның дамушы елдiң журналистерiне арналған шәкiрт ақысын жеңiп алған соң, Нью-Йорктағы Колумбия университетiнде арнайы курстардан дәрiс алдым. Онда бiр профессор адам үш минуттың iшiнде өзiнiң жеке сайтын қалай жасауға болатындығын көрсеттi. Мен таң қалдым. Профессордан, "бұның барлық тiлге қатысы бар ма, жоқ па?" деп сұрадым. Ол: "иә" деп жауап бердi. Сол кезде мен қазақ тiлiнде блог жасап көрiп едiм, жасауға болады екен. Бұл google компаниясының blogspot платформасы болатын. Google — дүниежүзiнде интернет технологиясын дамытып жатыр. Оның өнiмдерi өте көп, бiрақ, одан бас тартқан да елдер бар. Сөйтiп, мен үш минуттың iшiнде сайт жасауға болатындығын бiлдiм де, өзiмнiң жеке сайтымды аштым. Оны қазiр — блог деп атап жүрмiз. Сайттан блогтың айырмашылығы, блог – жеке адамның күнделiгi. АҚШ-тан қайта оралғаннан кейiн, маған қазақ тiлiнде блог жүргiзу жөнiнде арнайы ұсыныс келiп түстi. Басты талап — ағылшын тiлiн және интернеттi жақсы меңгерген болуы керек. Еуропадан үш бала, Орталық Азия елдерiнен 10 бала "Жаңаеуразия" Орталық Азияның блогтар жүйесiн жүргiзе бастадық. Бұл қазақ тiлiндегi ұжымдық блогтың алғашқысы едi. Сол блогты жүргiзiп жүрiп көптеген елдерде тәжiрибеден өттiм. Прагада болдым, онда жаңа медиа технологияны журналистер қалай қолдану керек, оның азаматтық қоғамдағы рөлi, жеке адамға оның берерi не, жаңа медиа технологияны кәсiбiн жетiлдiре түсу үшiн журналистер қалай пайдаланған дұрыс деген мәселелердi тереңiрек зерттедiк. Сол кезде бiзде қазақ журналистикасында бұл мәселелердiң әлi де қолданысқа енбей отырғанын түсiндiм. Ал, қазақ журналистерiне бұл технологияны меңгеру — ауадай қажет. Әсiресе, тәуелсiз, еркiн ойлы журналистердi қалыптастыру үшiн. Прагадан келгеннен кейiн хабарландыру жiберiп, достарымды, басқа да таныс журналистердi шақырып, көрген-бiлгенiмдi үйретуге бел шештiм. Қазақ журналистерiнiң басын қосып қазақ тiлiнде қалай блог жасау керек, оны қалай жүргiземiз деген мәселелердi үйретудi қолға алдым. Өткен жазда қазақ тiлiнде 5-10 ғана блог болса, қазiр 100-дiң үстiне шықты. Блог — адамдармен тез әрi оңай және ашық қарым-қатынас орнатуға мүмкiндiк бередi. Газет көп елге жетпейдi. Әрi блог жазуда қатып қалған қағида жоқ. Адам тек көргенiн, түйсiнгенiн, ойын ғана жазып отырады. Бұл екiншi жағынан интернеттi қазақ тiлiнде дамытуға үлес қосу. Бiзде қазақ тiлiнде интернет дамымай жатыр деген сөздi көп естимiз. Бiрақ, iс жоқтың қасы. Кез келген адам интернетте 5 минут уақытын жұмсаса, сөйтiп өз дерегiмен бөлiсiп блогын орнатса, оның өзi интернеттi қазақ тiлiндегi деректермен байытудың бiр жолы.

Қазiр Үкiмет тарапынан өте жақсы жобалар қолға алынып жатыр. Мысалы, Мәдениет және ақпарат министрлiгi Тiл комитетiнiң төрағасы Ерден Қажыбек бастаған мемлекеттiк тiлдiң базалық ұлттық корпусын құру жобасы бар. Бiрақ, ол жобаға қоғамдық тұтынушылар тарапынан үлес қосылмаса, оның iске асуы екiталай. Яғни, қазақ тiлiнiң сөздiк қоры, түсiндiрмесi, лексикологиясы, т.т. барлығының базасы бiр жерде болуы керек. Мысалы, күнi кеше өлi тiлге айналған иврит тiлi осылай дамыды. Бiрақ, жалпы халық интернеттi пайдалануды бiлмейiнше ол жоба iске аспайды. Электронды үкiмет жобасы да солай. Халық тұтастай интернеттi күнделiктi өмiрiне қажетсiне және пайдалана бiлмесе, электронды үкiмет жобасы да ресми болып қалып қояды.

— 3-4 жыл бұрын қазақ тiлiндегi газеттердiң электронды нұсқасы болмаған. Қазiр барлық газеттiң интернет сайттары бар деп айтуға болады. Осылардың кемшiлiгi мен жетiстiктерi неде деп ойлайсың?

— Менiң түсiнбейтiнiм, газеттiң электронды нұсқасын ашудағы мақсаты не? Егер, әйтеуiр, электронды нұсқасы керек деген оймен ғана ашқан болса түсiнiктi. Себебi, көптеген газеттердi ашқанда қажеттi мүмкiндiктерге ие емес екендiгiн көресiң. Мәселен, мен ағылшынтiлдi газеттердi ашқан кезде ол жерде "RSS" деген қосымша қызмет бар. Яғни, мен ол газетке жазыламын. Менiң қалта телефоныма негiзгi жаңалықтардың тақырыптары келiп түсiп тұрады. Бiздегi қазақ газеттерiнiң сайттарында дизайн, тартымдылығы төмен, газетте жарық көрген мақаланың электронды нұсқасы тiкелей интернетке көшiрiлiп басылады. Интернеттiң оқырманы мен газет оқырманы екi түрлi болады. Газеттiң оқырманы мәтiнi мен маңызына көбiрек назар аударса, интернет оқырманын көбiнесе бейне, сурет қызықтырады. Интернеттi ашқан адам қысқа-нұсқа мақалаларды қарағысы келедi. Екiншiден, газеттер интернеттегi сайттарынан коммерциялық пайда көздемейдi. Менiңше, дұрыс емес. Оған ақылы жазылу функциясын қосуына болады. Бiздегi көп сайттар оқырманның пiкiр бiлдiруiне рұқсат етпейдi. Ол да үлкен кемшiлiк. Себебi оқырман газеттi оқып танысқаннан кейiн, пiкiрi бола тұрса да, телефоны арқылы хабарласып жатуды артық санайды немесе ерiнедi. Интернетте сондай функция болса, дереу мақаланы оқыған бойдан, өз пiкiрiн жазып жiберуге құлшынып отырады. Сондай-ақ, интернеттегi сайтқа видео қосуға болады. Бiзде әлi күнге дейiн интернеттi мәтiндiк тұрғыдан қабылдау басым. Сосын интернеттi ақпараттық ресурс ретiнде қабылдаймыз. Қазiргi таңда ақпараттық технология дегенiмiз — адамдардың санасын өзгертетiн идеологиялық құрал. Интернеттiң интерактивтiлiгi, бейненiң көп рөл ойнайтындығы әзiр тыс қалып жатыр.

Биылдан бастап мобильдi компаниялар — Beeline, KCell "LG" — үшiншi ұрпақ функциясын iске қосады. Демек, қалта телефоныңыз арқылы интернетке жылдам шыға аласыз, әрi арзанға түседi. Белгiлi бiр төлемдер төлей аласыз. Адамдар интернеттi бiрдей қолданатын мүмкiндiкке ие болмақ. Осы жерден, «Егер интернет қазақ тiлiнде дамымаса адамдар қандай сайтқа кiредi?» деген сауал туындайды. Яғни, олар Ресейдiң ресурстарын көбiрек пайдаланады. Ресей ұсынған мультфильмдердi жүктейтiн болады. Оны ата-ана қадағалай алмайтын дәрежеге жетемiз. Сол үшiн интернеттiң қазақша сөйлеуiне атсалысуымыз керек.

— Интернеттегi кейбiр мақалаларды немесе мәлiметтердi ағылшын сайттарынан тауып жатамыз. Ағылшын тiлiн бiлмейтiндер үшiн оны кейбiр сайттар арқылы орысшаға аударып алуға болады. Бiрақ, қазақ тiлiнде ондай мүмкiндiк жоқ. Сондай-ақ, ғаламтордан қазақша iздеу мәселесi де қалыптаспаған. Бұл функцияларды қалыптастыру үшiн қандай әрекеттер жасаған жөн?

— Мамандардың айтуы бойынша, интернеттi дамыту үшiн үш түрлi жағдай әсер етедi екен. Бiрiншi, сол ұлттың өзiнiң хат алмасу торабы болуы қажет. Бiз Ресейдiң mail.ru тегiн почтасына тәуелдiмiз. Яғни, бiзге ұлттық хат алмасу торабы керек. Екiншi, өзiнiң iздеу торабы болуы тиiс. Үшiншi, интернет қымбат болмауы жөн. Осы үш мәселенi аттап өтпейiнше, ел тұтастай интернеттi пайдалана бiлмейдi. Пайдаланған күннiң өзiнде басқа елдiң мүддесiне қызмет етемiз, ақша басқаның қалтасына құйылады. Орысша бiлуге мәжбүр боламыз.

Политехте оқитын Қуаныш Мағзуов деген баланың "Сөздiк" деген жобаны жүзеге асырмақ ойы бар. Ол жоба бойынша кез келген ағылшын тiлiндегi мәтiндi клавиатураның бiр түймесiн басып тегiн аудармаға қол жеткзiу көзделдi. Ригаға барғанымызда, осы жобаға демеушi болғысы келгендермен кездескенде, олар "Бұл үкiметтiң iсi ғой. Неге өздерi қолға алмаған?" деген сауал қойды. Бұл сұрақты естiгенде ұялып кеттiм. Ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аударатын сайт жасау үшiн басқа елден көмек сұрауға мәжбүр болып отырғанымыз бiз үшiн шынында ұят едi. Олар үшiн мемлекеттiк деңгейдегi мұндай iстерге бiздiң қоғамдық ұйымдардың деңгейiнде мән берiлiп жатқаны түсiнiксiз едi.

— Бұл сонда тiлiмiздiң өз деңгейiн жетпей отырғандығы салдарынан ба, жоқ, мемлекеттiң түсiнбей отырғандығынан ба?

— Негiзiнен мемлекет тарапынан интернеттi дамытуға ақша бөлiнiп жатыр. Бiрақ, бұқара тарапынан нақты талап болмай отырған-сынды. Егер, бұқара тарапынан Парламентке, Мәжiлiске сұрау салса, қазақ тiлiн дамыту үшiн интернеттегi тiлдiң таралу аясын кеңейту керек. Ол үшiн бiрiншiден, мынадай параметрлерге ақша бөлiнсiн десе. Мәселен, тегiн онлайн жүйесiнде қазақ тiлiнен ағылшын тiлiне, орыс тiлiнен қазақ тiлiне мәтiн аударатын арнайы бағдарлама жасап шығару. Бiраз адамдар жасауға талпынып көрдi. Бiрақ, ол бұқараға тегiн ұсынылған еркiн бағдарлама емес едi. Оны пайдалану үшiн сатып алуың керек. Бiздiң айтарымыз, бұндай бағдарламалар тегiн болуы керек. Егер, бiз тiлдi дамытамыз десек, оны қолданушылар аясын кеңейтемiз десек, ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне тiкелей аударатын сайт жасауымыз керек.

— Мәдениет және ақпарат министрi Ермұхамет Ертiсбаев интернет туралы заң қабылдайтындығын айтып едi. Көптеген интернет газеттерi бұған қарсы тұрды. Неге деп ойлайсыз?

— Ондай заң кейбiр елдерде бар. Мысалы, АҚШ-та "Блогшылар туралы" заң қарастырлуда. Бiрақ, ол елдерде қабылданған заңдарға әлеумет белсендi атсалысады. Яғни, бұл заңдар интернеттi шектеу үшiн емес, реттеу үшiн әзiрленедi. Бiзде қабылданатын заң да интернеттi реттейтiн оның дамуына үлес қосатын заң болса құба-құп, керiсiнше, интернеттi бақылауды сылтау етiп, оның еркiндiгiне сызат түсiретiн болса онда ондай заңның қажетi жоқ. Қазiр бұқара интернет мүмкiндiгiн толық пайдаланып отырған жоқ. Сол себептi де олардың заңға атсалысуы мүмкiн емес.

— Жақында қазақ блогшылары бiр-бiрiне хат жазысып, wordpress жүйесiн қазақшалауды қолға алғандарын айтысып жатты. Осы жайында айта кетсең?

— Қазақстанның өзiнiң блог тұғыры жоқ. Американың wordpress платформасында блогты тегiн дамытуға мүмкiндiк бар. Бiрақ, ол ағылшын тiлiнде. Бұл — бұқараға тегiн ұсынылып отырған өнiм. Сондықтан, оны аударуға да мүмкiндiк бар екен. Кореядағы қандастарымыз Жанарбек Матай, Бақытнұр Байтелұлы және осында тұратын Бақытгүл Салықова деген блогшылар оны қазақшалауды қолға алды. Ол платформада 3 мыңның үстiнде ұғым-түсiнiк бар едi. Жоғарыда аты аталған үшеуi оны бөлiсiп, өз ерiктерiмен аударуға кiрiстi.

Бұл бiзге қандай мүмкiндiк бередi? Егер, бұрын блогты тек ағылшынша, орысша бiлетiндер жасай алатын болса, ендi оның қазақша нұсқасы да пайда болады деген сөз.

— Сонда оларға бұндай қадам жасауға мемлекет тарапынан қандай да бiр ұсыныс түстi ме?

— Жоқ, олар күнiне 5-10 минутын арнай жүрiп, бұл жұмысты өз беттерiмен жасап шықты. Ол еңбегi үшiн ештеңе төленген жоқ. Егер, Үкiметтен ұсыныс түседi деп күтiп жүрсек, кешiге беретiн түрiмiз бар.

"БОЛАШАҚ" — ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ ҮШIН ЕМЕС, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДИАСПОРА ӨКIЛДЕРI ҮШIН ЖАСАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

— Асхат, сен Америкаға жолың түстi? "Болашақ" бағдарламасы арқылы бардың ба?

— Жоқ, Бiрiккен ұлттар ұйымының шәкiртақысын жеңiп алдым.

— Жалпы, бiзде "Болашақ" бағдарламасымен болсын, басқа да гранттармен оқып жатқан студенттердiң патриоттық сезiмi жайында күмәндi ойлар айтылып жатады. Көбiсi сол жақта қалып қояды. Жастар елiктегiш келедi деген сияқты. Бұған қандай уәж айтар ең?

— "Болашақ" бағдарламасы жыл сайын жетiлдiрiлiп келе жатыр дегенiмiзбен, оның қойып отырған талаптары маған ұнамады. Оның себебi, бiрiншiден, "Болашақ" бағдарламасымен оқу үшiн кепiлге бiр мүлкiңдi қоюың керек. Мысалы, мен Алматыда пәтер жалдап тұрамын. Кепiлге қоятын ештеңем жоқ. Мен — журналиспiн. Бiрақ, бiтiрген мамандығым филолог болғаны үшiн, журналистикада оқи алмаймын. Себебi, "Болашақ" бағдарламасының шарты бойынша, алғашқы оқыған мамандығыңды ары қарай жалғастыруың керек. Үшiншiден, бұл бағдарлама Қазақстанда тұратын диаспора өкiлдерiне көп мүмкiндiк берген. Мысалы, мен көптеген ұлты немiс, поляк, орыс жастарын бiлемiн. Олардың көбi өзiнiң тарихи отандарына — Польшаға, Германияға, Ресейге Қазақстанның қаржысы есебiнен оқуға аттанады. Қазақстанда ұзағанда 5 жыл жұмыс iстейдi де, сол тарихи отандарына кетедi. Демек, бiз өз қаржымызды уыстап шашып, өзге елге кадр-маман дайындап берiп жатырмыз. Ал, қазақ жастарының кепiлге қоятын мүлiгi болмайды, қалаған мамандығын таңдай алмайды. Сондай-ақ, қазақтiлдi оқу орындарында ағылшын тiлiн оқыту өте төмен деңгейде. Қарапайым мысал айтсам, қазақша-ағылшынша толық сөздiк әлi жарық көрген жоқ. Яғни, бұл мәселеде орыстiлдi жастардың ұпайы түгел, әрi соларға көп мүмкiндiк берiп отыр. Сондықтан да, бұл жастар жоғарыдағы сiз айтқан әңгiмелерге жол берiп отыр. Ұлттық патриоттық сезiмдерi төмен, тiлдi бiлмесе, қазақ мәдениетiнен мақұрым болып отырса, оған бұл бағдарламамен оқып жатқандар емес, "Болашақ" бағдарламасының өзi кiнәлi.

— Сосын осы бағдарламамен 40 талапкердiң заңсыз оқып келгендiгi жайында да көп айтылып жатыр. Қазiр оларға төленетiн шәкiртақы тоқтатылды. Әлжан Брәлиевтi, «Жемқорлыққа жол берген» деп кiнәлады. Бұған не дер едiң?

— АҚШ-тың Индиана штатында оқитын таныстарымның айтуы бойынша, "Болашақ" бағдарламасымен келетiндердiң арасында бiрлi-жарым байдың балалары да бар екен. Олар оқуға емес, құдды демалысқа келгендей жүредi. Соған қарағанда, бұның да шындықтан аулақ кетпейтiндiгiн байқау қиын емес. Қай ата-ана болса да, баласының мықты жерде оқығанын жақсы көредi емес пе? Бiрақ, "Болашақ" бағдарламасынан тыс басқа жолдар арқылы оқуға түсiп жатқан жастар да жеткiлiктi. Мiне, солардың бойынан ұлттық-патриотизмдi анық көруге болады. Ондай жастар аз емес.

— "Болашақ" бағдарламасымен оқып жатқан жастар Қазақстанның, бiздiң елiмiздiң имиджiн қалыптастыратындығы анық. Менiң естуiмше, "Болашақ" бағдарламасымен оқитындардың 90%-ы қазақ тiлiн бiлмейтiн көрiнедi. Сонда олар шеттегi жұртқа қай мемлекеттен келдiк деп айтады екен?

— Мысалы, Германияда бiраз қазақ тұратынын бiлесiздер. Ондағы жастар қазақ тiлiн ұмытуға жақын деген әңгiмелер жиi айтылады. Ал, олар "Болашақ" бағдарламасымен келгендермен араласып, қазақ тiлiн үйренуге талпынатын көрiнедi. Өкiнiшке қарай, бiздiң жастарымыз олардың жiгерiн құм қылады екен. Өйткенi, орысша сөйлейдi. "Неге?" деп бiзден сұрайды. Бiз оларға оның себебiн айта алмаймыз. Не деп жауап беруге болады, ұялғаннан басқа.

— Сондай-ақ, соңғы кезде "Болашаққа" байланысты тағы бiр пiкiрлер айтылып жүр. Мәселен, "Болашақ" бағдарламасы бойынша, 3000 квота бөлiнiп отыр. Қыруар қаржы кетедi. Егер, осы студенттердi жiбергеннiң орнына мықты профессорларды елге шақырып, дәрiс оқытса, қаржылық жағынан ұтар ма едiк?

— Менiңше, "Болашақ" бағдарламасымен тек студенттердi ғана жiбермей, жас мамандарды, педагогтарды, оқытушыларды да осы бағдарлама арқылы дайындаса. Бұған да белгiлi деңгейде квота бөлсе дұрыс болар едi. Олар Батыстың iлiмi мен бiлiмiн жастарға үйрететiн болса, көп нәрседен ұтар едiк. Өйткенi, "Болашақ" бағдарламасымен қазiргi оқып келiп жатқандар ешкiмдi оқытпайды, тек алған бiлiмiн iс жүзiнде қолданатын болады. Батыстық мамандарды шақырған да дұрыс, бiрақ, кеткен шығынды өндiремiз десек, өз мамандарымыздың солардың оқытушылары деңгейiне жеткенiн қадағалаған жөн болар.

— Жақында "болашақтық" студенттермен Елбасы Назарбаев кездесу өткiздi. Сонда бiр студенттiң айтқан ойы менiң көкейiме қонған едi. Ол: "Шетелдегi қазақ диаспорасының балаларына "Болашақ" стипендиясын беру керек" дедi. Осы пiкiрмен келiсер ме едiң?

— Иә, келiсемiн. Мен шетелде, соның iшiнде Еуропада бiрнеше рет болдым. Ондағы қандастарымыздың бiразын бiлемiн. Араласып та жүрмiн. Жастары өте бiлiмдi. Бiр кемшiлiгi — қазақ тiлiне шорқақтау. Бiрақ, олар 4-5 тiлдi қатар меңгерген. Әрi, олар Қазақстанға оралатын болса, қазақ мүддесi үшiн жұмыс iстейтiндiгi сөзсiз. Демек, оларды да елдiң iшкi саясатына араласуға тартқан жөн секiлдi.

Және олар өте сирек мамандықтар бойынша бiлiм алып жатыр. Мәселен, Кореяда Жанарбек кибернетика саласында жұмыс iстеп жатыр. Әрi қазақшасы кез-келген қазағыңнан артық. Қытайда туып өсiп, өз қаржысымен Жапонияға барып бiлiм алған бiр қазақ қызы Жапонияда уран-атом өндiру саласы бойынша iрi мемлекеттiк сыйлықты жеңiп алды. Осы сияқты талантты жастарды неге тартпасқа? Бұлар бiз үшiн ғылыми потенциал болар едi.

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНДА ӘЛI ЭМОЦИЯ БАСЫМ

— Асхат, шетелде бiлiм алдың. Тәжiрибеден өттiң. Шетел журналистикасынан хабарың бар жiгiтсiң. Бiздiң қазақ журналистикасы туралы не айтар едiң?

— Шетелге шығып келгеннен кейiн, Қазақстанға келiп қазақ газеттерiн ашқан кезде бiрден байқайтыным, қазақ журналистерi мақала мазмұнынан гөрi, эмоцияға көбiрек иек артады. Себебi, бiздiң оқырманның болмысы осыны талап етедi. Сондай-ақ, Кеңес Одағынан қалған бiр стереотип бар, журналист — ол тұлға, қайраткер, журналистiң сөзiне Құранның сөзiндей сенедi. Қоғам журналист не десе, сол деңгейде қабылдауға бейiм. Батыс журналистикасында, журналист оқиғаны тек қана баяндаушы, әңгiмелеушi. Ой қорытуды оқырманның өзiне қалдырады. Бiзде журналист оқырманға өз ойын қоса ұсынады да, оқырман мәселенi сараптап жатпайды, журналистiң ойын қаз-қалпында қабылдай салады. Қазақ журналистикасының ғылыми тұрғыдан базисi қалыптаса қойған жоқ десем ешкiм ренжи қоймас. Интернет журналистикасы әлi қалыптасқан жоқ. Жоғары оқу орындарының журналистика факультетiнде интернет журналистерiн даярлаған күннiң өзiнде интернеттiң не екенiн толық түсiнбеген кiсiлер дәрiс бередi, оқулық әлi дайындалмаған. Бiзде қазақтiлдi журналистиканың зерттеу тенденциясын бақылау жүйесi жоқ. Қазiр ол қай деңгейде, қайда барады, болашақта қалай болуы мүмкiн, оның қоғамға тигiзiп отырған әсерi қалай деген сараптамалар жоқтың қасы. Журналистика ғылым түрiнде қалыптаспағандықтан, бiресе орыс журналистикасының, бiресе Батыс журналистикасының ықпалында кетiп барады.

Мысалы, мен жақында жолым түсiп Ригада болып қайттым. Бiзге Латвия туралы жеткен ақпараттардың көбi олар орыс тiлiне қарсы, орысқа қатыстының бәрiн құртып-жойып жатыр дегенге сайып келген едi. Алайда, олай болмай шықты. Онда 2,5 миллион ғана халық тұрады екен. Орыстарға жек көрiнiшпен қарайтын сезiмдi байқаған жоқпын. Олар өздерiнiң ұлттық қалпын сақтау үшiн, қалпына келтiру үшiн күресiп жатыр, ол рас. Бiрақ, туристердiң көбi орыстар болғандықтан, орыс тiлiнде сөйлеуге мәжбүр. Демек, бiз Рига туралы ақпаратты орыстiлдi ақпарат құралдарынан алып отырмыз да, соның ықпалында қалып қойғанбыз.

— Әңгiмеңе рахмет!

Әңгiмелескен Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
1d4a5aa18a1545a5bbd507fa16424f2f

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері...
773x435 cmsv2 7899d14b c138 5822 b480 a3f31d86f1a3 5420794

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір...
itogi2

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы...

Жаңалықтар

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...