ҮЙЛЕНУ – ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ – ҚИЫН

ҮЙЛЕНУ – ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ – ҚИЫН

ҮЙЛЕНУ – ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ – ҚИЫН
ашық дереккөзі

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында 55,4 мың жұп некеге тұрған. ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың мәлімдеуінше, АХАТ органдарында тіркелген некелер саны 7,8 пайызға өскен.

Дегенмен агенттік басшысының сөзіне қарағанда, көтерген шаңырақтарын шайқалтқандардың да қарасы соңғы 5 айдың ішінде артып отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында ажырасу саны 9,7 пайызға өсіп, 19,2 мың жұп екі жаққа кеткен. Ажырасу саны Қазақстанда 2011 жылы 7,8 пайызға, некеге тұру 9,6 пайызға ұлғайса керек. Бұдан бөлек, соңғы жылдары бала тәрбиесіне әкелердің араласуы төмендеген, жарты миллионға жуық бала жалғызбасты әйелдердің тәрбиесінде тұрған көрінеді. Ресми некеде тұрмаған тұлғалардың саны да артып, дүниеге келген әрбір бесінші бала некесіз туады екен. Бүгінгі күні Қазақстанда көп балалы отбасыға қарағанда бала саны аз отбасылардың үлесі басым болып отыр. Мәселен, бүкіл елдегі отбасылардың тек 6 пайызында ғана балалар саны 4-еу және одан жоғары. Дегенмен, көп балалы санатқа жататын бұндай отбасылардың негізгі бөлігін оралмандар құрайды.

Десе де 1 сәуірде еліміздегі халық саны 16 млн. 967 мың адамды құраған. 11 миллионыншы қазақ – Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туылған Мұхтар Абдрахым, бұл сәуір айында жүргізілген статистикалық көрсеткіштер негізінде анықталып отыр.

Азамат АБЖАНОВ,

Алматы облысының 2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот

жасауылы