ОҢТҮСТІК ЖЕМҚОРЛАРЫ КӨШ БАСТАДЫ

ОҢТҮСТІК ЖЕМҚОРЛАРЫ КӨШ БАСТАДЫ

ОҢТҮСТІК ЖЕМҚОРЛАРЫ КӨШ БАСТАДЫ
ашық дереккөзі

Қаржы полициясы жемқорлыққа белшесінен батқан ведомстволардың рейтингісін шығарды.

«Қара тізімді» полицейлер, салық қызметі, санитарлық дәрігерлер бастап отыр. Жыл басынан бері басқа мекемелерге қарағанда осы саланың қызметкерлері парамен ең көп ұсталған. Қаржы полициясының басшысы Рәшид Түсіпбеков бұл жайтты қарапайым тілмен – аталған ведомстволарға бақылау-қадағалау функциялары берілгендіктен деп түсіндіреді.

2013 жылы қаржы полициясы мемлекеттік органдарда 100-ден астам жемқорды қолға түсірген. Бүгінде сыбайластық қылмысқа белшесінен батқан аймақ та анықталып отыр. Бұл «біріншілікте» «дәстүр бойынша» Оңтүстік Қазақстан облысы аламанның алдын бермей келеді, одан кейін Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары құйрық тістесіп келеді. Тергеушілердің есебінше, парақорлардың кесірінен ел қазынасы үш миллиард теңге залал келген.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Оңтүстік Қазақстан облысы