МУЗЕЙДЕГІ ҒАЖАЙЫП ТҮН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Халықаралық музейлер күніне» орай 2013 жылдың 17 мамырында сағат 17.00-ден түнгі 24.00-ге дейін сегізінші рет «Музей түні» атты мерекелік шара өткізіледі. Аталған шара «Музейлер» (шығармашылық-естелігі және әлеуметтік өзгерістер) ұранымен ұйымдастырылмақ.

Халықаралық деңгейдегі бұл жоба 1997 жылы басталған екен. Тағылымы мол шараға келушілердің саны жыл са­йын артып келеді. Мәселен, 2006 жылы 1,5 мың адам келсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш 7000 адамға жетіпті. «Музей түні» жобасының негізгі мақсаты – еліміздегі ірі мәдени музейге қоғам назарын аудару және тарихи-мәдени мұралар тақырыбындағы түрлі жобалар мен мерекелік шаралар арқылы музей беделін нығайту.

Халықаралық музейлер күні – тек музейге қатысы бар адамдардың ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның мәдени мұраларын жаңғырту мен сақтауды ойлайтын, МУЗЕЙ деген мәдени институттың шынайы жанашырларының да мейрамы.

Мереке шеңберінде ұсынылатын шаралар: Ахмет Байтұрсыновқа арналған «Ұлт ұстазы» көрмесі; «Көне қолжазбалар мен басылымдар әлемі» атты қазақ ақындары мен жазушыларының діни тақырыптағы қолжазбаларының түпнұсқаларына арналған көрме; «Қазақстанның флора және фаунасы»; М.Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасырлар әуені» атты көрмесі; «ANTIKA», «Антиквар» салондарының «Ескіліктің жаңғырығы» атты көне кітаптар көрмесі; Қазақстан халықтары ассамблеясының ұлттық-мәдени орталықтарының қызметіне арналған «Мәдениеттер сұхбаты» атты көрме (Түркімен этномәдени бірлестік, Мысыр Елшілігі жанындағы мәдени орталық, Ислам Республикасы Иран елшілігі жанындағы мәдени бірлестік, Түркі халықтарының қоғамы, Қазақстан кәрістер қауымдастығы, Қазақстан дүнгендер қауымдастығы, осетиялықтар, күрдтердің «Барбанг» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «ОЗАН Әзірбайжандар қоғамы» қоғамдық бірлестігі). Сонымен қатар, келушілердің назарына бір экспонаттан тұратын: «Ежелгі Мысыр мумиясы» (б.з.д. екінші мыңжылдықтағы Фивы қаласы); «Сихотэ – Алиндік метеорит» (1947) атты көрмелері ұсынылады. ҚР МОМ археологиялық экспедициясы аясындағы көрмеге байланысты «Археологиялық лагерьдің көрмесі» атты дала жұмыстары көрсетіледі. Музейдің этнология орталығы «Жаулық орап көрейік» атты этнографиялық мастер-класстар жүргізеді. Музейге келген барлық келушілерге көрме залдарына тегін экскурсиялар және әрбір үш жүзінші келушіге ҚР Мемлекеттік орталық музейінің – «Қазақстанның Археологиялық алтындары», «Антропология музейі», «Н.Г.Хлудов залына» экскурсиялар жүргізіледі.

Музейге келушілерді бұл күні үлкен концерттік бағдарлама күтеді: Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Бүркіт, Айгүл Қосанова, Айжан Нұрмағамбетова, Гүлбаршын Тергеубекова, Жалел және Рафаэль Гизатулиндер, Жанболат пен Жазира, Гүлнар Дәукенова, Донеділ Қажымов, Гүлмира Ақүрпекова, Айдарбек Рысбек, Арыстан Мырзагереев, Тұрал, Айса, Шералы, «Самарқанд» шығармашылық және музыкалық тобы, «V-ALEM», «Алашұлы», «FANKY TOWN». Ұлттық-мәдени орталықтардан: Мемлекеттік «Премиум» атты кәрістердің музыкалық әзіл театры мен «Намсон» би ансамблі, Мысыр мәдени орталығы, түркімендік «Бахар» би тобы. «МаКо» компаниясы «Сабын көпіршіктерінің шоуын» ұсынады, Қазақстандық «Капуэйро» Федерациясының бишілері би билесе, «Алматы ДАБЫЛДАР» жобасы дабылда ойнаудың түрлі үлгілерін көрсетеді.

Ислам Республикасы Иран елшілігі жанындағы мәдени бірлестік пен Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы келушілерді араб және жапон каллиграфисы өнерімен таныстырады.

«Ерке-Нұр» ЖШС дефилесі, «Сымбат» дизайн және технология академиясы, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі ұлттық киім үлгілері мен шаш қою тәсілдерін ұсынады.

«Өз қолыммен жасалған» сауда-жәр­меңкесі музейге келушілерді Қазақ­станның сәндік-қолданбалы өнер шебер­лерінің қолөнер бұйымдарымен таныстырады: Е.Түскенова, С.Баширова, А.Валиулина, Е.Поплавска, Хасима Жаухаза, С.Өтебаева, Н.Полянски, Т.Гусева, С.Ли, С.Зайнутдинова, Е.Штурк, Т. Голубева, О.Титова, Немкова Виктория. Ал О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің мұғалімдері З.А. Штифман, Б.Жуаспаев, Р.Уәлиұлы, М.Өскенай, М.Тұрбай, А.Асубекова, О.Сексенбаева, А.Кенженова, Мұхаметжан Зейнелхан, А.Ысқақов,М.Дүйсенбаев, Ж.Күленов, М.Сәрсебаевтар мен колледж түлектері зергерлік бұйымдар жасау мен тігу, керамикадан бұйымдар жасауда шеберлік класстар жүргізеді.

«Музей түні 2013» мерекелік шарасына: итальяндық фото суретші Андреа Пачини, Лидия Коваленко, Сейфолла Рыстан және Илья Теняков сынды суретшілер қатысады.

Алғаш рет балаларға арналған «ТВОР-ДВОР», «Ғажайып шеберхана» балалар шығармашылық алаңы қойылады. Мұнда балалар шығармашылықпен айналысып, қолдан: гүлдер, керамикалық өнімдер, киізден жасалған әшекей бұйымдар, декупаж және т.б. қолөнер бұйымдарын жасауды үйренеді. «Күлкі» атты қуыршақ театрының әртістері қойылым көрсетеді.

Сонымен қатар музей түніне келген қонақтарды арнайы акциялар күтеді: О.Таңсықбаев атындағы колледж студенттерінің «Естелік сурет салдыру», ЖК «Pozitiv studio»-дан «Жедел фото» және Алматы хайуанаттар бағының жануарларымен фотоға түсу, қазақ-украиндық «Бірге жасаймыз» жобасынан «Бір түндегі картина», «Сенд-про» студиясынан «Құммен сурет салу», күлкі терапиясы мамандарынан «Күлкілі қорқыныштар», «Шар-дизайн» компаниясынан «Әуе шарлары» және «МаКо» компаниясынан «Шоколадты субұрқақ» жобалары.

Музейдің кинозалында «Ақ ұлпалар» атты анимациялық фильмнің тұсаукесері болады (авторлары: Д.Агелеуова, В.Дергачев). «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ музей қонақтарын отандық киноиндустриядағы жаңа туындыларымен қуантады. Кіру ақылы: үлкендер – 100 теңге, балаларға – 50 теңге.

Юлия Анищук,

№1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі,

№ 40 мектептің 11-сынып оқушысы

Алматы қаласы

Back to top button