1 тонна қарақоға жинаған азамат ұсталды

1 тонна қарақоға жинаған азамат ұсталды

1 тонна қарақоға жинаған азамат ұсталды
ашық дереккөзі

Жамбыл облысының шекарашылары бір тонна марихуана жинаған азаматты қолға түсірді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметі таратқан мәліметке сүйенсек, шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядының «Аспара» заставасының шекарашылары Шу аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шара кезінде ұстаған қарақоға жинаушы еліміздің 1970 жылы туылған азаматы екен. Күдіктінің жинаған марихуанасының жалпы салмағы 1 тонна 28кг болып шықты. Аталған дерек бойынша материалдар Жамбыл облысы Шу аудандық ішкі істер бөліміне жіберілген. Есірткі бизнесін дөңгелетпек болған азаматтың жазасы жеңіл болмасы анық.