ОҚЫРМАНҒА БАЗАРЛЫҚ

ОҚЫРМАНҒА БАЗАРЛЫҚ

ОҚЫРМАНҒА БАЗАРЛЫҚ
ашық дереккөзі

Жуырда Педагогикалық Ғылым Академиясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей білім академиясының шетелдік мүшесі, Бүкілдүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары Атқарушы кеңесінің мүшесі, елімізде салыстырмалы педагогика ғылымының негізін салған, белгілі компаративист ғалым Асқарбек Құсайыновтың «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Еңбек Ері, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия директоры Аягүл Миразова, көптеген танымал ғалымдар, профессорлар мен оқытушылар, мектеп ұстаздары, Алматы қаласы университеттерінің докторанттары мен магистранттары қатысты.

Аталмыш монографияда білім беру сапасын бағалаудағы халықаралық PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің соңғы 10 жылдағы қорытындылары зерделеніп, оқушылары тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсететін жүлдегер-елдер: Финляндия, Гонконг (Қытай), Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Канада, Жаңа Зеландия және Шанхай (Қытай) екендігі анықталып және олардың табыстылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлар анықталғанын айтты. Сонымен бірге білім сапасының жоғарылауы мен оның динамикасындағы айырмашылықтар неге байланысты екенін анықтау үшін, 25 елдің және бір-біріне мүлде ұқсамайтын бастапқы ұстанымға ие болған және маңызды әрі тұрақты табысқа қол жеткізе алған 20 елдің орта білім беру жүйесін зерттеген McKinsey&Company компаниясының қызметкерлері жүргізген зерттеулердің нәти­желері талданып берілген.

Тұсаукесерге қатысқан Қазақстан Республи­касы­ның Еңбек Ері Аягүл Миразова, химия ғылымдарының докторы, профессор Немеребай Нұрахметов, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Ботагүл Тұрғанбаева, Клара Кунакова, Аршагүл Рысбаева, Аида Бейсембаева, Наталья Хан және психология ғылымдарының докторы, профессор Оспан Саңғылбаев сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

«Түркістан-ақпарат»