«ЭРБАС-А320» РЕАКТИВТІ ӘУЕЛАЙНЕР – ҚАЗАҚСТАНДА

«ЭРБАС-А320» РЕАКТИВТІ ӘУЕЛАЙНЕР – ҚАЗАҚСТАНДА

«ЭРБАС-А320» РЕАКТИВТІ ӘУЕЛАЙНЕР – ҚАЗАҚСТАНДА
ашық дереккөзі

«Эйр Астана» әуекомпаниясының әуе флоты жаңа меншікті Airbus A320 лайнерімен толықты. Ол қанаттардың инновациялық ұштары – «шарклеттермен» жабдықталған.

Бұл әуелайнер ҚР ұлттық әуетасы­малдаушысымен Airbus концерннен сатып алынған Airbus A320 тобының алты әуе кемесінің бірі. Ұшақтарды сатып алу туралы келісім 2008 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде жасал­ған. Тікелей зауыттан келген тұң­ғыш меншікті әуелайнер «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуе флотының құра­мына 2012 жылы енген.

«Біз «шарклет» қанаттардың ұшта­рымен құралданған алғашқы Airbus A320 лайнерін алғанымызға қуа­ныштымыз. Бұл «Эйр Астана» әуе­компаниясына өзінің пайдалану шығыс­тарын бірталай азайтуға және қоршаған ортаға залалды әсерді едәуір төмендетуге түрткі болатынын, – атап өтті «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.

«Эйр Астана» компаниясы шарклеттермен жабдықталған А320 ұшақтарды ТМД-да пайдаланатын алғашқы әуе­компаниялардың бірі болды. Жаңа ұшақ Астана, Ақтау, Киев, Стамбұл, Абу-Даби және әуекомпанияның маршруттық желісінің өзге бағыттарына қатынайды.

Дана БЕКТАСОВА