Дәстүрлі діндердің орны
Дәстүрлі діндердің орны
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы конфессияаралық келісімді нығайтудағы дәстүрлі діндердің орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Жиынды дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Айнұр Құрманалиева жүргізіп отырды. Конференцияға Қазақстан, Түркия, Қытай, АҚШ, Иран Ислам Республикасы, Египет, Араб Республикасының академиялық және ғылыми орталықтарынан мамандар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, көрнекті дінтанушы ғалымдар, теологтар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Пленарлы және секциялық мәжілістерде Ханафи мазһабының тарихи қалыптасуы мен даму жолдары, қазақ халқының ежелгі діни дүниетанымы мен ислам құндылықтарының сабақтастығы, Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің қызметі, Қазіргі Қазақстандағы дінаралық, ұлтаралық, мәдениетаралық келісімді нығайтудағы дәстүрлі діндердің рөлі, Исламдағы толеранттылық дәстүрі тақырыптары талқыланды.
Тоты СЕРІКБАЙҚЫЗЫ, ҚазҰУ-дің Дінтану мәне мәдениеттану кафедрасыныңРһD докторанты