Жаңалықтар

САҢЛАҚТАРЫМЫЗ ЕЛ АРАЛАП ЖҮР

ашық дереккөзі

САҢЛАҚТАРЫМЫЗ ЕЛ АРАЛАП ЖҮР

Лондон төрінде қазақтың көк байрағын желбіреткен оғландарымыз бүгінде еліміздің түкпір-түкпірін аралап жүр. Біздің жеңімпаздарымыз алғашқы сапарын Абай елінен бастауды жөн көріпті. Қазір олар Шығыс Қазақстан облысын аралап жүр. Лондондағы байрақты бәсекеде ел абыройын асқақтатқан чемпиондарды жұртшылық мәре-сәре болып қарсы алуда.

Батырларымызды шығыс жұрты әуелі әуежайдан күтіп алды. Құшақ-құшақ гүлге оранған жеңімпаздардың да жұртшылықтың ыстық ықыласына деген ризашылығы шексіз. Чемпиондармен суретке түсуге асығып жүрген жанкүйерлер де жоқ емес. Жеңімпаздарды ашық көлікке мінгізіп, қала ішін аралатып өтті. Олар сапарларын әуелі Абай ескерткішіне соғып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етіп бастады. Бұдан кейін құрметті қонақтарға арналған мерекелік концерт басталды. Абай елінде басталған салтанатты шеру енді еліміздің өзге аймақтарында жалғасын табатын болады.

Г. БЕКТАСОВА