МАО ЦЗЭДУН
МАО ЦЗЭДУН
Мао Цзэдун – ХХ ғасырдағы ең күрделi тұлғалардың бiрi. Ол еуропалық солшыл радикал философтардың теориясы мен көне қытай дәстүрiн сабақтастыра бiлдi. Адамдардың осал тұсын тап баса бiлетiн Мао үкiмет басына келiп, миллиондаған қытайлықтардың тiрi “құдайына” айналды. Кеңестер Одағының экономикалық көмегiн пайдаланып қана қоймай, одан тәуелсiз де болды. Қажеттi кезiнде кеңестiк құрылымға «өзiнiң» социализмiн қарсы қойып, Кремльдегi басшылықты сатқын ретiнде айыптады. Экономикалық дамуы мен әлеуметтiк жағдайы түбегейлi өзгерген қазiргi Қытайда Мао Цзэдун елдiң символы ретiнде қалды. Әлемге әйгiлi Мао қалай өмiр сүрдi және не үшiн күрестi? Ендi әңгiме желiсiн соған қарай бұрайық.
Мао Цзэдун 1893 жылы 26 желтоқсанда Хунань провинциясының Сянтань уезіндегі Шаошань елді мекенінде өмірге келді. Бұл Қытайдың оңтүстік жақ бөлігінде болатын. Қытай революциясының болашақ көсемінің әкесі Мао Ичан шошқа бағып, күріш өсірумен айналысты. Ол балаларын ауыр еңбекпен тәрбиелеп, тіл алмағандарын қатал жазалайтын. Ал Мао ержете бастағаннан-ақ әкесінің бұл қатал тәртібін өте жек көрді. Бір күні әкесі үйіне өзінің іскер әріптестерін шақырып, он үш жасар баласына қызмет көрсетуді тапсырды. Бала одан бас тартты. Ашуға булыққан әкесі оны ұрмақшы болғанда, бақтағы кішігірім тоғанға қашып барып: «Егер қол жұмсайтын болсаң, мына суға секіремін», – дейді. Оларды анасы Вэнь Цимэй зорға татуластырады. Кейін осы жайды есіне алған Мао Цзэдун: «Егер қарсыласыңды жеңгің келсе, осал жерін таба біл»,– деп жүрді. Ол тағы бірде әкесінің қаражатқа аса мұқтаж болып тұрған туысының жерін арзанға сатып алып жатқанын көреді. Болашақ революционер анасы екеуі бұл әділетсіздікке кедергі болған. Ол өскен сайын әкесін тыңдаудан қала береді. Керісінше анасына деген құрметі арта түсті. Маоның үйіне тұрмысы нашар ауылдастары келіп, материалдық көмек сұрайтын. Оларға Мао Инчан қайырымдылық көрсетуден бас тартса, Вень Цимэй күйеуінің көзін ала бере қол ұшын беріп жүрді. Сондықтан ауылдастары оны жақсы көретін. Мао Цзэдунның айтуынша, езілгендер мен кедейлерді қорғау қасиеті анасынан келген секілді. Мао Цзэдун бастауыш білімді ауылдағы жекеменшік мектепте алды. Мектепте негізінен Конфуций ілімін оқытатын еді. Оқуды бітірген Мао оны әрі қарай жалғастырғысы келген. Ол тарих пен философия кітаптарын өздігінен оқи бастайды. Оны Петр 1-дің, Наполеон мен Линкольннің өмірбаяндары және Лян Цичаоның «Халықтың жаңаруына түсініктеме» кітабы өте қызықтырған. Әсіресе кітап авторының конституциялық монархия мен парламенттік жүйенің артықшылықтарын талқылаған тұсы ерекше толғандырды. Мао Цзэдун осы кітаптан соң Қытайдың басқа елдерден артта қалу себебін түсінгендей болады. Ол Қытайдың ескірген саяси жүйесі бүгінгі күн талабына жауап бере алмайды деген тұжырымға тоқталған. Сонда-ақ Мао Цзэдун өз елінің құрылымын өзгертпесе, шетелдіктердің колониясына айналатынын түсінді. 1911 жылы ол Чанша қаласындағы орта мектепке түседі. Сол кезде Қытайда монархияны құлатқан Синьхай төңкерісі орын алған. Төңкеріске Сунь Ятсен жетекшілік етті. Ол 1912 жылы Ұлттық партия құрды (Гоминьдан). Маньчжурдегі Цин әулеті билігін құлатқан соң ол Нанкинде Қытай республикасының Уақытша үкіметін жариялаған. Синьхай төңкерісін жақтаған Мао Цзэдун маньчжур әулетіне бағыныштылықтың белгісі болған ұзын шашын желке тұсынан қиып тастайды. Алайда республика президенттігіне Цин кезінде премьер-министр болған Юань Шикаю сайланады. Ол елдің әралуан провинцияларын басқарған, қала берді орталық өкіметке бағынбаған ықпалды генералдардың қолдауымен батыл іске кіріседі. Сунь Ятсен бас сауғалап, Жапонияға кетуге мәжбүр болады. Бұл Мао Цзэдунның әлі де өмірлік ұстанымын толық айқындай алмаған кез. Қысқа уақыт ішінде полицейлік және заңгерлік мамандықтар дайындайтын оқу орындарын ауыстырып та үлгіреді. Тіптен коммерциялық мектепте де оқыған. 1913 жылы Хунандағы педагогикалық училищеге де оқуға түседі. Сол жерде алғашқы ұстазы санаған профессор Ян Чанцзумен танысады. Соның кеңесімен социалистік бағыттағы «Жаңа жастар» журналына жазылған. Журналды шығарушы Чэнь Дусю кейін Қытай компартиясының негізін қалайды. Жас жігіт батыс философиясымен айналысып, көңілге түйгендерін прагматик ретінде іс жүзінде қолданып көреді. 1918 жылдың сәуірінде Қытайда демократиялық өзгерістердің болуын армандаған Ян Чанцзи шәкірттерінің бір тобы «Жаңарған халық» атты студенттік қоғам құрады. Қоғам мүшелерінің арасында болашақ Қытай коммунистік партиясының жетекшісі Мао Цзэдун да бар еді. Қоғам мүшелері училищені бітірген соң Пекин университетінде студенттерге Францияға барып оқуларына мүмкіндік беретін бағдарлама барын біліп, 1918 жылы сонда барады. Мао Цзэдунға ұстазы Ян Чанцзи берген нұсқау хатының көмегі тиіп, Пекин университеті кітапханасына кішігірім қызметке тұрған. Содан бір жыл бұрын Ресейде социалистік төңкеріс болып, 1919 жылы большевиктер Коммунистік интернационалды құрады. Бұл ұйым әлемдік төңкеріс жасауды мақсат етті. Бұған Қытайдан Пекин университетіндегі әдебиет пәнінің оқытушысы Ли Дачжао мен «Жаңа жастар» журналын шығарушы Чэнь Дусю арнайы жіберілді. Солар Мао Цзэдунға коммунистік идеяны алғаш таныстырған. Алайда қанша әрекеттенсе де Маоға Еуропаға бару сәті түспейді. Өйткені шетел тілдерін игеру қабілеті өте төмен болатын. Оның үстіне анасының да денсаулығы күрт нашарлап, ауыр хал үстінде еді. Сол жылдың соңында анасы Вэнь Цимэй өмірден озады да, көп ұзамай әкесі де бақилыққа аттанады. 1918 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс бітті. Жапония жеңімпаз ел ретінде Қытайдан бұрын Германияның бақылауында болған аймақты беруін талап еткен. Қытай соған дейін Жапонияны өзінің Азия құрлығындағы одақтасы санап келген еді. Алайда Токионың басқыншылық пиғылы қытайлықтарды қарсы тұруға итермеледі. Өзі туып-өскен елді мекенге келген бойда Мао Цзэдун революциялық қозғалысқа араласып, 1920 жылы мамырда ол Шанхайда екінші рет Чэнь Дусюмен кездесіп, пікір алысу барысында коммунистік идеологияға біржолата бет бұрады. Сол жылдың тамызында Чэнь Дусю Шанхайда Қытай коммунистік партиясының құрылтайын шақыру дайындығына кірісті. Онымен үнемі байланыста болған Мао Хунани қаласында жергілікті партия ұйымын құрады. Келесі жылдың маусымында Коминтерннің қаржысымен Шанхай қаласында құрылтай шақырылып, оған коммунистік ұйымдардың 12 жетекшісі қатысады. Солардың бірі Мао еді. Содан бастап жас партия мүшесінің тасы өрге домалай бастаған. 1923 жылы Мао Чаншидан Шанхайға орын ауыстырып, орталық партия аппаратында қызмет етеді. Бұл жылдары Қытайда екі өкімет билік жүргізуде еді. Пекин жапон милитаристік топтарының ықпалында болды. Оларға Сунь Ятсен басқарған демократиялық Ұлттық партия (Гоминьдан) қарсы тұрды. Партияның бас штабы Гуанчжоуда орын тепкен.1922 жылы Коминтерннің бұйрығымен компартия Гоминьдан құрамына кіріп, біріккен майдан құрылады. Бұл коммунистердің майдан басшылығынан орын алуына мүмкіндік туғызған. Бірақ партия мүшелерінің көбі патриоттық ұстанымда болғанмен, социализмнің демократиядан несімен ерекшеленетінін білмеуші еді. Мао да солардың бірі ретінде мұны бұлыңғыр түсінді. Ол 1920 жылдары ҚКП мүшесі бола тұрып, Гоминьдан құрылтайы жұмысына қатысып, сол партияның Орталық атқару комитетінде үгіт-насихат бөлімін де басқарды. ҚКП-сындағы қызметіне қарағанда Гоминьдан партиясында қызметі жедел өсті. Біріккен майдан тараған соң осы партияда қалуына болар еді. Алайда 1925 жылы көктемде Сунь Ятсен қайтыс болып, Гоминьданда билікке талас басталады. 1926 жылы партияны Чан Кайши басқаруға қол жеткізеді. 1923 жылы Кеңестер Одағымен келіссөз жүргізген Чан Кайши Қытайға оралысымен өзінің ұлы Цзян Цзингоны Мәскеуге оқуға жіберген. Солай болса да, ол орыс ықпалын Гоминьданда шектеуді жөн көрді. Партияда кадрлар ауыстырылуына байланысты Маоны қызметінен босатып, ҚКП мүшесі ретінде кері оралуына мәжбүр етті. Мао Гоминьдандағы жауапты қызметтен босанған соң аграрлық мәселені оқып үйренумен айналысты. Көп ұзамай ол тап күресін ауылдық жерлерде жүргізіп, пролетарлық революцияның әлеуметтік тірегін кеңейту жолдарын тапты. Қытайда жұмысшы табы аз және әлсіз еді. Марксизмді ту еткен коммунистердің де билікке келуі екіталай. Ал Қытай ауылдарында қаңғыбастар, қайыршылар, жалаңаяқ тақыр кедейлер өте көп. Оларда өздеріне тиесілі жер атауы жоқ. Мао елде жерді баршаға бірдей бөлу жөнінде мәселе көтерді. 1927 жылы оның бұл бағытын Коминтерн қолдады. Чан Кайши Коминтерн агенттерінің бұл әрекетіне қарсы тұрған соң, оны Гоминьдан басшылығынан кетіру жағын ойластырып жатқан. Соны сезген Чан Кайши коммунистерді қудалауды қолға алды. Компартия басшылығынан маңызды тапсырма алған Мао көтерілісті ұйымдастыру үшін Хунаниге шұғыл жүріп кетті. Ол 1927 жылы күзде жаңадан құрылған, құрамында бес мың жауынгері бар Қызыл армияны басқарды. Берілген бұйрыққа қарамастан армияны Чанша қаласын басып алуға бағыттамай, бандиттердің қарулы құрамы орналасқан Цзинган тауына қарай бастады. Мао бандиттердің басшыларымен келісіп қана қойған жоқ, оларды өз билігіне бағындырды да. Сондай-ақ ол мынандай көрегендік ой түйді. «Егер мен соғысқа жарамды әскерге басшылық етсем, менімен комунистік партия мен Коминтерннің басшылары санасуы керек». Бұл жағынан ол партия ішінен жаппай репрессия жүргізіп, Сталиннен де асып түсті. Коммунистерді толық өзіне бағындырды. Сонымен бірге ол барлық жерде өзінің жерді жалпыға бірдей бөлу жөніндегі «аграрлық реформасын» жүргізді. Бұл террорлық қарсылыққа ұшыратып, миллиондаған шаруалардың құрбандығына әкелді. Қызыл армия қатарын толықтыра түсу үшін Мао қаңғыбастарды, жалаңаяқтарды, тақыр кедейлерді кеңінен тартты. Ал коммунистік билікті жақтаушыларға қандай да бір наразылық білдіргендерді қатаң жазалады. Жер мәселесін Маоша шешу көп ұзамай жергілікті шаруаларды тым кедейлендіріп жіберді. Бұл оның Қызыл армиясын үнемі орын ауыстырып тұруына да әкелді. Ол 1929 жылы әуелі Фуцзянь провинциясынан, 1930 жылы Цзянси провинциясынан «советтік аудан» жасады. Оны бұған мәжбүрлеген 1930-1933 жылдары Гоминьдан үкіметінің коммунистерге қарсы жасаған сәтсіз шабуылдары болды. Чан Кайши әскери қимылдардан бөлек Кеңестер Одағында кепілдікте қалған ұлының жағдайын ойлап, «совет аудандарын» толық жойып жіберуден тартынып, коммунистерді қытайлар көп тұратын аймақтан шетке ығыстырып қана қойғысы келген еді. Қытай коммунистерінің 1934-1935 жылдары «Ұлы жорығы» басталды. Коминтерннің талабы бойынша және Гоминьданның әскерінің қысымы астында Қызыл армия солтүстік жақтағы кеңес шекарасына жақындады. Жылға жуық уақыт ішінде қызылармияшылар ауыр ұрыстар жүргізе отырып, он мың шақырымды артқа тастап, Шэньси провинциясына жетті. Бұл кезде 86 мың қызылармияшылардың 5 мыңы ғана тірі қалған еді. Бұл шығын чанкайшилердің қарсылықтарынан емес, Коминтерн агенті Отто Браун мен Мао Цзэдунның ақылға сыймайтын басшылықтарының салдарынан орын алды. «Ұлы жорықтың» басты нәтижесі Қызыл армияның ерік-жігерін арттыру ғана емес, Мао Цзэдунның партиядағы жетекшілік ролін арттыру болатын. Соған дейін ол партиялас жолдастарының тарапынан сынға ұшыраған еді. Ал Шанхайдай Жуйцзиньге келген соң ОК көп мүшелері тарапынан қатты сыналып, жағдайы мүлдем төмендеп кеткен. Оны жалғыз-ақ қорғаған Кремль болды. «Ұлы жорық» кезінде түрлі айла-тәсілімен коммунистердің басшыларының бір бөлігін өзіне қаратып, билікті қайта өз қолына ала бастады. Мао Яньань қаласын «советтік ауданның» жаңа орталығы жасай отырып, өзін жақтайтындарды сонда жинай бастаған. Бірнеше жыл бойына «сананы тазарту» саясатын жүргізудің арқасында оның жемісін де көрді. Алайда 1937 жылы жаңа сынақтан өтуіне тура келген. Мәскеуден Коминтерн өкілі ретінде Ван Мин келіп, партияда өз билігін жүргізуге әрекеттер жасаса керек. Мао белгілі бір уақытқа дейін соның көлеңкесінде қалып қойған. Дегенмен тез есін жиып, өзіне шын берілген ОК-тің мүшелері арқылы босаңсыған коммунистерді қайта өз жағына шығаруға кірісті. 1937 жылы жазда Коминтернді жасырын басқарған Сталин Қытай компартиясының жетекшісі етіп Мао Цзэдунның кандидатурасын бекіткен. Ол содан бастап қайта күш ала бастайды. Сол кезде Қытайдағы жағдай қатты өзгереді. 1932 жылы Жапония Қытайдың солтүстіктегі үш провинциясын басып алып, Манчжоу-го деп аталған қуыршақ мемлекетін орнатқан болатын. Кеңес Одағының басшылары жапондардың шекара аймағына басып кіруінен сақтанып, бір жағынан Манчжоу-гоны мойындай отырып, Гоминьдан мен ҚКП-ның баяғы Біріккен майданын қайта қалпына келтіруге әрекеттенеді. Сталин сол үшін Гоминьданның бұл одақтағы жетекшілік ролін мойындап, Жапонияға қарсы майданды күшейту мақсатында кепілдікке ұстап отырған Чан Кайшидің ұлы Цзян Цзингоны еліне қайтарған. Жапония 1937 жылы 7 шілдеде Қытайға қарсы соғыс ашады. Екі жылдан соң елдің солтүстік және орталық провинцияларын, Шанхай, Пекинді, сондай-ақ Гуанчжоу мен гоминьданның орталығы Нанкинді басып алған. Алайда әскер саны аздығына байланысты басып алған жерлерін толық бақылауында ұстап тұра алмады. Соны пайдаланған коммунистер аталмыш аймақтардан «советтік аудандар» құрып, өз ойларын ақырындап жүзеге асырып жатты. 1940 жылы мұндай аудандардағы тұрғындар саны 100 миллионға дейін жетті. Соғыстың ең ауыр бөлігі Гоминьдан әскерінің еншісіне тиген. Әскер саны жапондарға қарағанда бірнеше есеге көп. Бірақ қару-жарақ пен соғыс өнерін игеру жағынан қарсыластарына қарағанда әлдеқайда төмен. Екінші дүниежүзілік соғыс Қытайдағы жағдайды мүлдем өзгертіп жіберді. Германияның сәтті шабуылдары Гоминьдан генералдарының біразын басқыншы Жапония жағына шығып кетуіне әкеп соқты. Қарсыластарымен соғыс барысында «ұлы кеме бағыттаушы» ролін өз қолына алып, 1942-1945 жылдары партия қатарын қайта тазартудан өткізді. Соның нәтижесінде Мао ұстанған бағыттан ауытқып кеткен жоғары басшылықтағы коммунистер өкініштерін білдіріп, одан жазбаша түрде кешірім сұрайды. ҚКП-сының жаңа жарғысындағы «Мао Цзедун идеясы» бағыт беруші жұлдызға айналады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония талқандалып, Қытайдың барлық аймағындағы билік коммунистер мен гоминьдандықтар қолына көшкен. Кеңес Армиясы Маньчжуриядағы жапондардың Квантун армиясын талқандап, коммунистерге Қытайдың солтүстік бөлігін алып бергенмен елдің көп бөлігі Гоминьданның қол астында қалды. Америка 1945 жылы Чан Кайши әскеріне өте көп мөлшерде қару-жарақ беріп, оларды шешуші ұрыстарға итермеледі. Екі жеңімпаз ел – Кеңестер Одағы мен Америка Қытайда біріккен өкімет құруға келіскенмен Мао мен Чан Кайши келісімге келе алған жоқ. Нәтижесіз аяқталған келіссөздерден кейін 1946 жылы Қытайда азамат соғысы басталды. Алғашқыда гоминьдандықтар жеңіске жеткенімен, екі жылдан соң үш бірдей ірі жеңіске қол жеткізген коммунистердің үстемдігі арта түсті. Гоминьдан басшысы Тайванға қарай қашып, жан сауғалады. Ол американдықтардың қолдауымен сол жерден тәуелсіз мемлекет орнатты. 1949 жылы коммунистер Қытайдың жаңа астанасы атанған Пекинге келді. Сол жылдың 1 қазанында Қытайдың жаңа үкіметінің төрағасы Мао Цзэдун елді Қытай Халық Республикасы деп жариялады. Мао бастаған республика алғашқы жылдары Кеңестер Одағымен ынтымақта болды. 1950 жылы Қытайдың халық азаттық армиясы Кеңестер Одағының қолдауымен Корей еліндегі соғысқа араласты. Ал 1952 жылдың соңында Мао Кеңестер Одағының үлгісімен Қытайда коллективтендіру мен индустрияландыруды жеделдету саясатын жүргізген. Алғашқыда екі ірі социалистік елдің байланысы «халықтар достығы» деп аталынса, елуінші жылдардың бел ортасында араларына сызат түсе бастады. КОКП ОК Бірінші хатшысы Никита Хрущев 1956 жылдың ақпанында И.В.Сталиннің «жеке басқа табыну» саясатын қатты сынға алып, 1920-1950 жылдар аралығындағы жазықсыз жапа шеккендерді ақтай бастады. Бір жылдан соң Мао Кеңестер Одағындағы бұл саяси өзгеріске қырын қарайды да, марксизм-ленинизм идеяларын қатты сынға алып, ел ішіндегі жағдайды кең көлемде талқыға салады. Ол елдің бес пайыз халқы оңшыл ауытқушылар деп жариялай салысымен-ақ жаңа репрессия орын алған. Миллиондаған жандар қуғын-сүргінге ұшырап, бес жүз мыңға жуығы еңбек лагерлерінде қайта тәрбиеленуге жіберілді. Мао үкімет ісін басқаруды Лю Шаоци мен Дэн Сяопинге тапсырып, өзі елді аралап қайтуға шықты. Осы аралықта оның орынбасарлары «халық коммуналарын» таратып, майда кооперативтерді қалдырды да, ауыл шаруашылығында отбасы мердігерлік тәсілді кіргізді. Жерді пайдалануға алған шаруалар астық өндіруді арттырды. Бірақ Мао бұл әрекеттер социализм мұраттарына қайшы келеді деп бағалады да, шаруашылықтарды басқарудың басқаша, өзі жөн көрген қолайсыз тәсілін ұсынды. Оның бұл ұсынысын жоғары партия жетекшілерінен қорғаныс министрі Линь Бяо мен Мемкеңестің премьері Чжоу Эньлай қолдады. Ал Лю Шаоци іштей қарсы болды. Партия арасындағы мұндай пікір айырмашылығын байқаған Мао жаңа идеологиялық кампанияның көмегімен Лю Шаоци және оның жақтастарын партиядан ығыстыру жағын ойластыра бастаған. Мао 1965 жылы қарашада әлемге әйгілі «Мәдени революциясын» бастады. Әуелі бұл туралы Шанхайдан шығатын «Вэньхуэй бао» газетіне журналист Яо Вэньюанның «Хай Жуя» тарихи драмасының жаңа редакциясы туралы» деген тақырыпта көлемді мақаласы жарияланған. Қытайдағы ортағасырлық оқиғаны баяндайтын драманы Пекин мэрінің орынбасары әрі танымал тарихшы У Ханем жазған. Ол сол драмасы арқылы шаруашылық жүргізудің ескі тәсілдері мен биліктен Пэн Дэхуаяның шеттетілуіне қарсылығын білдірген. Сол үшін билік тарапынан авторға үлкен кінә тағылады. Ал мамыр айында Маоға жан-тәнімен берілген партияшылдар «Мәдени революция істері бойынша топтарды» құрды. Оны ҚКП ОК үгіт-насихат бөлімінің жетекшісі Чэнь Бода басқарды. Бұлардың міндеті «Мәдени революцияға» халықты жаппай тарту. Оны іске асыруды көпшілігі студенттерден құралған «қызыл қорғаушыларға» (хунвейбиндер) және жұмысшылар ортасынан шыққандарға тапсырылды. Мао 1966 жылы радикалды мәдени революцияны бастап, «ескі мемлекеттік машинаны сындыру» үшін студент жастарға үндеу тастады. Содан кейін бұл іске жұмылған хунвейбиндер қатары бұрынғыдан да көбейді. Соның салдарынан ҚКП-ның аймақтық басшылары және интеллектуалды ақыл-ой иелері негізсіз жаламен қоғамнан аластатылып жатты. Сол жылдың қазанында Лю Шаоци мен Дэн Сяопинді жұрт алдында өздерін айыптап сөйлеуге мәжбүр етті. Содан бастап барлық партия жиналыстары «Мәдени революция» белгісімен өтетін болды. Хунвейбиндер тікелей Маоның басшылығымен үлкен масштабта террорлық істер жүргізді. Тіптен олардың шетел елшіліктеріне де шабуылдаған сәттері аз болған жоқ. Олардың өз беттерінше жүргізілген сот істері барынша қанат жайды. Астыртын істерге қатысты деген күмәнмен ұсталған адамдардың мойындарына кінәлары жазылған тақтайшалар ілініп, оларды аямай ұрып-соғуға, қорлауға дейін барды. Хунвейбиндердің істері асқынып, бақылауынан шығып бара жатқан соң ғана Мао «Ауыл игілігі үшін еңбек етейік!» деген ұран тастап, оларды алыс елді мекендерге күштеп аттандырған. Хунвейбиндердің ауылдарға барғысы келмеген миллионға жуығы күштеудің салдарынан өмірден озып, көбісі өздеріне қол жұмсаған. 1968 жылы қазанда Лю Шаоци ҚКП қатарынан шығарылып, түрмеге жабылды. Мао өзінің басты жауынан осылай құтылды. Лю Шаоцидан кейін Мао сарайында Қорғаныс министрі және Мемкеңестің вице-премьері Линь Бяо жетекші рол атқарды. Ол Маоға «Мәдени революция» кезінде әскер жағынан қолдау көрсеткен жан. Алайда тағы да екі ықпалды топ бар еді. Цзян Цин басшылығындағы «Мәдени революция ісі бойынша құрылған топ» пен террорлық қысымнан аман өткен ҚКП-ғы Чжоу Эньлайдың жақтастары. Солардың арасында өте күшті күрес жүрді. 1969 жылы сәуір құрылтайында Мао өзінің орнына Линь Бяоны ұсынатынын білдірген. Бірақ 1970 жылы күзде Цзян Циннің ықпалымен жағдай күрт өзгерді. Сол жылдың басында Мао ауыр науқасқа шалдығып, көзінің көру мүмкіндігі де мүлдем төмендеп кетті. Сол кезден бір жыл бұрын кеңес-қытай шекарасында қақтығыс орын алды. Бұл екі жақтың бір-біріне деген сенімін жоғалтты. Қытай содан бастап бұрынғы жауы Америкамен саяси келісімге келу жағын қарастырған. Америка президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Генри Киссенджер 1971 жылы Қытайға аса құпия сапармен келді. Оның келу мақсаты жөнінде мерзімдік басылымдарда ақпараттар жарияланған жоқ. 1971 жылы 13 қыркүйекте Линь Бяо отбасымен мінген ұшақ Моңғолия жерінде апатқа ұшырады. Арада біраз уақыт өткен соң «Линь мемлекеттік төңкеріс жасамақ болып сәтсіздікке ұрынған соң Кеңестер Одағына қашып бара жатқан кезінде ол мінген ұшақ кездейсоқ апатқа ұшырады» деген ресми хабар таратылған. Содан бері Қытайда бұл тақырып жабық күйінде қалып отыр. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Маоға қастандық жасау Линь Бяоның ұлы Линь Лигоның ұйымдастыруында әбден пісіп жетілген көрінеді. Ол өзінің бұл жоспарын жүзеге асырар алдында қарындасына айтып қойған. Ал ол болса, оның осы жасырын әрекетін үкіметке жеткізеді. Соның салдарынан Линь отбасы тұтқындалудан құтылу үшін жақын шетелге қашпақ болады. Ал ол және оның отбасы мінген ұшақтың техникалық ақауы бар болатын. Алыс қашықтыққа ұшуға жарамайтыны көрініп тұрса да, олар тәуекел етеді. Моторға майдың жетпей қалуына байланысты ұшқыш ұшақты моңғол даласына қондырмақшы болғанда апатқа ұшыраған. Линь Бяо ойыннан шығып қалған соң Маоның орнын басу бәсекесі Цзян Цин мен Чжоу Эньлаяның арасында жүреді. Ал Маоның өзі ақтық таңдау жүргізуге еш мүмкіндігі болмады. Өйткені науқасы асқынып кеткен еді. 1972 жылы ақпанда Америка президенті Ричард Никсон арнайы сапармен Қытайға келді. Екі жақты келіссөз барысында Америка біраз мүдделерінен бас тартуға мәжбүр болған. Олар орнына ештеңе талап етпей-ақ Тайваньды коммунистерге беруге келісті. Қытай-америка келісімінің нәтижесінде ҚХР-сы Тайваньның орнына БҰҰ-ға мүше болып кіріп, сол ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесіне қабылданды. Содан бастап Қытайды АҚШ-тың көптеген одақтастары дипломатиялық тұрғыдан мойындап жатты. Алайда Чжоу Эньлаяның бастамасымен жүргізілген бұл екі жақты дипломатиялық ойын Маоға ұнамады. Оны 1973 жылы ақпарат құралдарында өзін-өзі сынап сөйлеуге мәжбүр етті. Сол кезде армия басшылығы «Мәдени революция» белсенділеріне қарсы тұруға батыл кіріскен. Бұл жағдай да Маоға өз орнын басатын адамды таңдауға кедергі жасады. Оның Чжоу Эньлайға өкімет билігін бергісі келмеді. Ақыры Дэн Сяопиннің мойнына тағылған айыптарды алып тастап, вице-премьердің бірі етіп тағайындауға мәжбүр болды. 1976 жылы 8 қаңтарда Мемкеңестің премьері қайтыс болып, 5 сәуірде Тяньаньмэнь алаңында Чжоуды еске алушылар стихиялы түрде демонстрацияға шыққан. Полиция оларды алаңнан қуып таратты. Бұл кезде денсаулығына байланысты Мао ел ішіндегі жағдайды бақылауынан шығарып алған еді. Уақыт өткен сайын елде төңкеріс қаупі күшейе түскен. Ал үкімет билігі Дэн Сяопиннің ықпалында болды. Ол саяси тұрғыда төңкерістің болуын жеделдеткен жоқ. Маоның ең соңғы жасаған саяси қадамы Дэнді барлық қызметінен формальды түрде босатып, Хуа Гофэнді ҚКП ОК бас хатшысы етіп сайлады. Алайда ол ОК-те Дэн жақтастарының басым екенін біліп, онымен қарым-қатынасын бұзғысы келмеді. Дэн Сяопин кейін билік басына келген соң елде үлкен экономикалық реформа жасады. 1976 жылы 9 қыркүйекте Мао Цзэдун өмірден озды. Қытай тарихында жаңа дәуір басталды. Мао Цзэдун 1893 жылы 26 желтоқсанда Хунань провинциясының Сянтань уезіндегі Шаошань елді мекенінде өмірге келді. Бұл Қытайдың оңтүстік жақ бөлігінде болатын. Қытай революциясының болашақ көсемінің әкесі Мао Ичан шошқа бағып, күріш өсірумен айналысты. Ол балаларын ауыр еңбекпен тәрбиелеп, тіл алмағандарын қатал жазалайтын. Ал Мао ержете бастағаннан-ақ әкесінің бұл қатал тәртібін өте жек көрді. Бір күні әкесі үйіне өзінің іскер әріптестерін шақырып, он үш жасар баласына қызмет көрсетуді тапсырды. Бала одан бас тартты. Ашуға булыққан әкесі оны ұрмақшы болғанда, бақтағы кішігірім тоғанға қашып барып: «Егер қол жұмсайтын болсаң, мына суға секіремін», – дейді. Оларды анасы Вэнь Цимэй зорға татуластырады. Кейін осы жайды есіне алған Мао Цзэдун: «Егер қарсыласыңды жеңгің келсе, осал жерін таба біл»,– деп жүрді. Ол тағы бірде әкесінің қаражатқа аса мұқтаж болып тұрған туысының жерін арзанға сатып алып жатқанын көреді. Болашақ революционер анасы екеуі бұл әділетсіздікке кедергі болған. Ол өскен сайын әкесін тыңдаудан қала береді. Керісінше анасына деген құрметі арта түсті. Маоның үйіне тұрмысы нашар ауылдастары келіп, материалдық көмек сұрайтын. Оларға Мао Инчан қайырымдылық көрсетуден бас тартса, Вень Цимэй күйеуінің көзін ала бере қол ұшын беріп жүрді. Сондықтан ауылдастары оны жақсы көретін. Мао Цзэдунның айтуынша, езілгендер мен кедейлерді қорғау қасиеті анасынан келген секілді. Мао Цзэдун бастауыш білімді ауылдағы жекеменшік мектепте алды. Мектепте негізінен Конфуций ілімін оқытатын еді. Оқуды бітірген Мао оны әрі қарай жалғастырғысы келген. Ол тарих пен философия кітаптарын өздігінен оқи бастайды. Оны Петр 1-дің, Наполеон мен Линкольннің өмірбаяндары және Лян Цичаоның «Халықтың жаңаруына түсініктеме» кітабы өте қызықтырған. Әсіресе кітап авторының конституциялық монархия мен парламенттік жүйенің артықшылықтарын талқылаған тұсы ерекше толғандырды. Мао Цзэдун осы кітаптан соң Қытайдың басқа елдерден артта қалу себебін түсінгендей болады. Ол Қытайдың ескірген саяси жүйесі бүгінгі күн талабына жауап бере алмайды деген тұжырымға тоқталған. Сонда-ақ Мао Цзэдун өз елінің құрылымын өзгертпесе, шетелдіктердің колониясына айналатынын түсінді. 1911 жылы ол Чанша қаласындағы орта мектепке түседі. Сол кезде Қытайда монархияны құлатқан Синьхай төңкерісі орын алған. Төңкеріске Сунь Ятсен жетекшілік етті. Ол 1912 жылы Ұлттық партия құрды (Гоминьдан). Маньчжурдегі Цин әулеті билігін құлатқан соң ол Нанкинде Қытай республикасының Уақытша үкіметін жариялаған. Синьхай төңкерісін жақтаған Мао Цзэдун маньчжур әулетіне бағыныштылықтың белгісі болған ұзын шашын желке тұсынан қиып тастайды. Алайда республика президенттігіне Цин кезінде премьер-министр болған Юань Шикаю сайланады. Ол елдің әралуан провинцияларын басқарған, қала берді орталық өкіметке бағынбаған ықпалды генералдардың қолдауымен батыл іске кіріседі. Сунь Ятсен бас сауғалап, Жапонияға кетуге мәжбүр болады. Бұл Мао Цзэдунның әлі де өмірлік ұстанымын толық айқындай алмаған кез. Қысқа уақыт ішінде полицейлік және заңгерлік мамандықтар дайындайтын оқу орындарын ауыстырып та үлгіреді. Тіптен коммерциялық мектепте де оқыған. 1913 жылы Хунандағы педагогикалық училищеге де оқуға түседі. Сол жерде алғашқы ұстазы санаған профессор Ян Чанцзумен танысады. Соның кеңесімен социалистік бағыттағы «Жаңа жастар» журналына жазылған. Журналды шығарушы Чэнь Дусю кейін Қытай компартиясының негізін қалайды. Жас жігіт батыс философиясымен айналысып, көңілге түйгендерін прагматик ретінде іс жүзінде қолданып көреді. 1918 жылдың сәуірінде Қытайда демократиялық өзгерістердің болуын армандаған Ян Чанцзи шәкірттерінің бір тобы «Жаңарған халық» атты студенттік қоғам құрады. Қоғам мүшелерінің арасында болашақ Қытай коммунистік партиясының жетекшісі Мао Цзэдун да бар еді. Қоғам мүшелері училищені бітірген соң Пекин университетінде студенттерге Францияға барып оқуларына мүмкіндік беретін бағдарлама барын біліп, 1918 жылы сонда барады. Мао Цзэдунға ұстазы Ян Чанцзи берген нұсқау хатының көмегі тиіп, Пекин университеті кітапханасына кішігірім қызметке тұрған. Содан бір жыл бұрын Ресейде социалистік төңкеріс болып, 1919 жылы большевиктер Коммунистік интернационалды құрады. Бұл ұйым әлемдік төңкеріс жасауды мақсат етті. Бұған Қытайдан Пекин университетіндегі әдебиет пәнінің оқытушысы Ли Дачжао мен «Жаңа жастар» журналын шығарушы Чэнь Дусю арнайы жіберілді. Солар Мао Цзэдунға коммунистік идеяны алғаш таныстырған. Алайда қанша әрекеттенсе де Маоға Еуропаға бару сәті түспейді. Өйткені шетел тілдерін игеру қабілеті өте төмен болатын. Оның үстіне анасының да денсаулығы күрт нашарлап, ауыр хал үстінде еді. Сол жылдың соңында анасы Вэнь Цимэй өмірден озады да, көп ұзамай әкесі де бақилыққа аттанады. 1918 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс бітті. Жапония жеңімпаз ел ретінде Қытайдан бұрын Германияның бақылауында болған аймақты беруін талап еткен. Қытай соған дейін Жапонияны өзінің Азия құрлығындағы одақтасы санап келген еді. Алайда Токионың басқыншылық пиғылы қытайлықтарды қарсы тұруға итермеледі. Өзі туып-өскен елді мекенге келген бойда Мао Цзэдун революциялық қозғалысқа араласып, 1920 жылы мамырда ол Шанхайда екінші рет Чэнь Дусюмен кездесіп, пікір алысу барысында коммунистік идеологияға біржолата бет бұрады. Сол жылдың тамызында Чэнь Дусю Шанхайда Қытай коммунистік партиясының құрылтайын шақыру дайындығына кірісті. Онымен үнемі байланыста болған Мао Хунани қаласында жергілікті партия ұйымын құрады. Келесі жылдың маусымында Коминтерннің қаржысымен Шанхай қаласында құрылтай шақырылып, оған коммунистік ұйымдардың 12 жетекшісі қатысады. Солардың бірі Мао еді. Содан бастап жас партия мүшесінің тасы өрге домалай бастаған. 1923 жылы Мао Чаншидан Шанхайға орын ауыстырып, орталық партия аппаратында қызмет етеді. Бұл жылдары Қытайда екі өкімет билік жүргізуде еді. Пекин жапон милитаристік топтарының ықпалында болды. Оларға Сунь Ятсен басқарған демократиялық Ұлттық партия (Гоминьдан) қарсы тұрды. Партияның бас штабы Гуанчжоуда орын тепкен.1922 жылы Коминтерннің бұйрығымен компартия Гоминьдан құрамына кіріп, біріккен майдан құрылады. Бұл коммунистердің майдан басшылығынан орын алуына мүмкіндік туғызған. Бірақ партия мүшелерінің көбі патриоттық ұстанымда болғанмен, социализмнің демократиядан несімен ерекшеленетінін білмеуші еді. Мао да солардың бірі ретінде мұны бұлыңғыр түсінді. Ол 1920 жылдары ҚКП мүшесі бола тұрып, Гоминьдан құрылтайы жұмысына қатысып, сол партияның Орталық атқару комитетінде үгіт-насихат бөлімін де басқарды. ҚКП-сындағы қызметіне қарағанда Гоминьдан партиясында қызметі жедел өсті. Біріккен майдан тараған соң осы партияда қалуына болар еді. Алайда 1925 жылы көктемде Сунь Ятсен қайтыс болып, Гоминьданда билікке талас басталады. 1926 жылы партияны Чан Кайши басқаруға қол жеткізеді. 1923 жылы Кеңестер Одағымен келіссөз жүргізген Чан Кайши Қытайға оралысымен өзінің ұлы Цзян Цзингоны Мәскеуге оқуға жіберген. Солай болса да, ол орыс ықпалын Гоминьданда шектеуді жөн көрді. Партияда кадрлар ауыстырылуына байланысты Маоны қызметінен босатып, ҚКП мүшесі ретінде кері оралуына мәжбүр етті. Мао Гоминьдандағы жауапты қызметтен босанған соң аграрлық мәселені оқып үйренумен айналысты. Көп ұзамай ол тап күресін ауылдық жерлерде жүргізіп, пролетарлық революцияның әлеуметтік тірегін кеңейту жолдарын тапты. Қытайда жұмысшы табы аз және әлсіз еді. Марксизмді ту еткен коммунистердің де билікке келуі екіталай. Ал Қытай ауылдарында қаңғыбастар, қайыршылар, жалаңаяқ тақыр кедейлер өте көп. Оларда өздеріне тиесілі жер атауы жоқ. Мао елде жерді баршаға бірдей бөлу жөнінде мәселе көтерді. 1927 жылы оның бұл бағытын Коминтерн қолдады. Чан Кайши Коминтерн агенттерінің бұл әрекетіне қарсы тұрған соң, оны Гоминьдан басшылығынан кетіру жағын ойластырып жатқан. Соны сезген Чан Кайши коммунистерді қудалауды қолға алды. Компартия басшылығынан маңызды тапсырма алған Мао көтерілісті ұйымдастыру үшін Хунаниге шұғыл жүріп кетті. Ол 1927 жылы күзде жаңадан құрылған, құрамында бес мың жауынгері бар Қызыл армияны басқарды. Берілген бұйрыққа қарамастан армияны Чанша қаласын басып алуға бағыттамай, бандиттердің қарулы құрамы орналасқан Цзинган тауына қарай бастады. Мао бандиттердің басшыларымен келісіп қана қойған жоқ, оларды өз билігіне бағындырды да. Сондай-ақ ол мынандай көрегендік ой түйді. «Егер мен соғысқа жарамды әскерге басшылық етсем, менімен комунистік партия мен Коминтерннің басшылары санасуы керек». Бұл жағынан ол партия ішінен жаппай репрессия жүргізіп, Сталиннен де асып түсті. Коммунистерді толық өзіне бағындырды. Сонымен бірге ол барлық жерде өзінің жерді жалпыға бірдей бөлу жөніндегі «аграрлық реформасын» жүргізді. Бұл террорлық қарсылыққа ұшыратып, миллиондаған шаруалардың құрбандығына әкелді. Қызыл армия қатарын толықтыра түсу үшін Мао қаңғыбастарды, жалаңаяқтарды, тақыр кедейлерді кеңінен тартты. Ал коммунистік билікті жақтаушыларға қандай да бір наразылық білдіргендерді қатаң жазалады. Жер мәселесін Маоша шешу көп ұзамай жергілікті шаруаларды тым кедейлендіріп жіберді. Бұл оның Қызыл армиясын үнемі орын ауыстырып тұруына да әкелді. Ол 1929 жылы әуелі Фуцзянь провинциясынан, 1930 жылы Цзянси провинциясынан «советтік аудан» жасады. Оны бұған мәжбүрлеген 1930-1933 жылдары Гоминьдан үкіметінің коммунистерге қарсы жасаған сәтсіз шабуылдары болды. Чан Кайши әскери қимылдардан бөлек Кеңестер Одағында кепілдікте қалған ұлының жағдайын ойлап, «совет аудандарын» толық жойып жіберуден тартынып, коммунистерді қытайлар көп тұратын аймақтан шетке ығыстырып қана қойғысы келген еді. Қытай коммунистерінің 1934-1935 жылдары «Ұлы жорығы» басталды. Коминтерннің талабы бойынша және Гоминьданның әскерінің қысымы астында Қызыл армия солтүстік жақтағы кеңес шекарасына жақындады. Жылға жуық уақыт ішінде қызылармияшылар ауыр ұрыстар жүргізе отырып, он мың шақырымды артқа тастап, Шэньси провинциясына жетті. Бұл кезде 86 мың қызылармияшылардың 5 мыңы ғана тірі қалған еді. Бұл шығын чанкайшилердің қарсылықтарынан емес, Коминтерн агенті Отто Браун мен Мао Цзэдунның ақылға сыймайтын басшылықтарының салдарынан орын алды.