Жаңалықтар

«ЭЙР АСТАНАНЫҢ» ГРУЗИЯҒА ҰШАҒЫ

ашық дереккөзі

«ЭЙР АСТАНАНЫҢ» ГРУЗИЯҒА ҰШАҒЫ

Өткен айда «Эйр Астана» әуекомпаниясы тағы бір мемлекетке ұшағын ұлғайтты. Аталмыш компания Алматы – Тбилиси – Алматы бағытында ұшулардың төртінші жиілігін енгізеді. Қосымша рейс Embraer 190 (97 орын) әуе лайнері арқылы сейсенбі күндері ұшатын болады.

Алматы мен Тбилиси арасындағы әуе байланысты әуекомпания 2011 жылдың 2 маусымынан бастап, жүзеге асырған еді. Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшырылатын. Ұшуларды орындау үшін әуекомпания Embraer 190 ұшағын таңдап алған. Бұл ұшақ жолаушылар үшін жайлы, үнемді және пайдалануға тиімді. Осы уақыт аралығында Тбилиси мен Алматы арасында 20 мың жолаушы және 5 тонна жүк тасымалданды.

«Эйр Астана» АҚ-ның маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ибрахим Жанлыел:

«Алматы – Тбилиси рейсі қысқа уа­қыт ішінде жолаушылар арасында мәшһүрлікті иеленді. Бүгінде Грузия ТМД және Қазақстан азаматтары арасында демалуға арналған ең келешекті туристік бағыттардың бірі. Кавказдағы қазынаның бірегей сәулеті, көрікті табиғаты, тамаша тағамдары мен назар аударарлық орындары саяхатшылардың көз жауын алады. Грузия жолаушыларының қазақ жеріндегі Алатау тауының, кең даланың және ғажайып көлдерінің сұлулығына сүйсінуге мүмкіндігі бар. Бұдан басқа оларға Алматыдан Бішкек, Дели, Бейжің, Бангкок және Куала-Лумпурға ыңғайлы түйісулер қарастырылған. Сөйтіп Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысы арқылы жолаушылар Skytrax World Airline Awards 2012 жүлдесінің шеңберінде 4 жұлдызды алған әуекомпаниясымен әлемнің түкпір-түкпіріне сапар шеге алады», – деп мәлімдеген еді.

Ал аталмыш әуе қатынасы жөнінде: «Қазақ­стан мен Грузия арасындағы тұрақ­ты әуе байланыстың арқасында екі ел ара­сындағы сауда-экономикалық және мә­дени ынтымақтастық ойдағыдай дамуда. Қо­сымша жиіліктің ашылуы бұл рейстің ке­ректілігін айғақтайды. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі тиімдірек болатындығына және кейін Алматыдан Тбилисиге күн сайын қатынайтындығымызға үміттенеміз», – дегенді алға тартады «Эйр Астана» АҚ-ның Грузиядағы өкілі Серғали Әмірбеков.

Әуежай алымдары мен басқа да са­лық­тарды қосқанда эконом-кластағы Алматыдан Тбилисиге барып-қайту әуебилеттер құны 49911 теңгені құраса, ал бизнес-клас­та 118615 теңгеден басталады.

Алматыдан Тбилисиге ұшу ұзақтығы 4 сағат 10 минут болады. Ал Алматыға 3 сағат 35 минутты құрап отыр.

Г.БЕКТАС