Жаңалықтар

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ЖАУАПТЫ ІС

ашық дереккөзі

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ЖАУАПТЫ ІС

Жас ұрпақтың рухани қалыптасуы, терiс ағымдардың алдын алу және экстремизммен күрес «Қазiргi дiни жағдай және жастар» тақырыбында өткен семинарда сөз болды. Жиын барысында жергiлiктi атқарушы органдар жетекшiлерi мен мектеп мұғалiмдерi аталған мәселе бойынша бiрлесiп жұмыс iстеудiң тиiмдi тұстарын қарастырды.

Дін мәселесі – қазіргі қоғамда қызу талқыланатын тақырып. Көпшілікті, әсіресе, жастардың дұрыс жолмен жүруі алаңдатады. Өйткені ел болашағына санасы ашық, ойы түзу ұрпақ қажет.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың аға оқытушысы Александр Баев Батыстан келген қосалқы мәдениет түрі кең тарап кетті дейді. Қоғам үшін аса қауіпті болмаса да, өмірге деген көзқарасты өзгертуі әбден мүмкін.

– Мысалы эмо өзін ұнатпайды әрі «не үшін өмір сүру керек» деп ойлайды, ал готтар барлығына немқұрайлықпен қарап, «жас кезде өмірден өтуді» ойынан шығармай жүреді. Бұл әрине, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді. Мұндай модель біздің қоғамға мүлдем сай емес, – деді М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің аға оқытушысы Александр Баев.

Семинар барысында мұндайды күшпен емес, айла-амалмен ауыздықтау қажет деген ұсыныстар айтылды. Баланың болмысы мен ұстанымы отбасында және мектепте қалыптасады. Ендеше, түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, жастарды спортқа баулу керек.

– Біз «Көз жету» қоғамдық бірлес­тігімен бірлесіп, діни тақырыптарда интернет-конференция жиі өткізіп тұрамыз. Мен мұның жасөспірімдерге қызықты екені байқадым. Өйткені, олар белсенді қатысады, – деді облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Ольга Черепанова.

Сананы улайтын діни экстремизммен полицейлер де күрес жүргізуде. Олар жыл басынан бері «Таблиғи Жамиғаттың» екі тобын қолға түсірген.