ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК
ашық дереккөзі

Алматыда өткізілген «Еуропа өңірі мен Азиядағы білім мен тәжірибе алмасу» тақырыбындағы халықаралық семинарда заманауи техника мен технологияны меңгерудің тиімді жолдарын ұсынды. Қазақстанның «Эльдани» қайырымдылық қоры мен АҚШ-тың Балалар үшін ғаламдық қоры (GFC) бірлесіп ұйымдастырған бұл шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Молдова және АҚШ-тың үкіметтік және коммерциялық емес ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Халықаралық семинарда­ ұйым­дас­тырушылық құрылым мен мотивация, фандрэйзинг және тиімді басқару, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік пен медиа бойынша тренингтер ұйымдастырылып, дүниежүзілік озық тетіктер жастарға ұғынықты тілмен түсіндірілді.

Семинар барысында баспасөз мәслихатын өткізген Балалар үшін ғаламдық қорының Еуропа өңірі мен Еуразиядағы бағдарламалар маманы Джозеф Беднарек: «Бұл білім беретін семинарды ұйымдастыру үшін GFC үш күн ішінде көптеген мәселелерді талқылап, қарым-қатынасты орнатуды сөз ететін әлемнің 6 елінен 16 ұйымды жинады. Семинардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, ұйымдастырушылық әлеуетін бекіту және қарым-қатынас орнату», – деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қатысушылар өз бағдарламаларын іске асыру тәжірибесімен, анығында, білім беру аясындағы жұмысы мен жабдықтары және білімімен алмасты. Ұйымдастырушылық қабілетін күшейтуде шараға қатысушылар түрлі ұйымдардың жобалар мен бағдарламаларын іске асыруда қарым-қабілеттілікті күшейтуге қатысты проблемалар мен тұтынушылық қажеттіліктерді анықтап, сараптама жасауды үйренді. Ал адамдармен қарым-қатынас орнатуда серіктестік пен білім алмасуға байланыс­ты ортақ басымдықтар, мүдделер мен қиыншылықтарды анықтап, жан-жақты талқыға салды.

Айнұр СЛӘМҒАЖЫ,

ҚазҰУ-дің студенті