ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!
Егер Сіз шет елге шығуға жиналсаңыз, онда келесі қарапайым нұсқаулықтар шетелдік сапар кезінде бірқатар жағдайлардан сақтануға көмек береді:
Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы хабарлап, байланыс телефондарыңызды қалдырып кетіңіз.
ҚР СІМ-нің www.mfa.kz сайтында берілген баратын елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдық мекемесінің телефондарын жазып алыңыз. Аталған сайтта басқа да пайдалы ақпаратты табуға болады.
Баратын елдерде өзіңізге қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоғын алдын-ала біліп алыңыз. Кейбір кездерде Қазақстанда оңай сатып алуға болатын дәрілерді, шет елде шығара бермейді немесе оларды тек дәрігердің берген рецептісімен ғана сатып алуға болады.
Шет елде болатын мерзімге сәйкес дәрігерлік сақтандыру полисін алуды ұмытпаңыз. Ол саяхат кезінде жазатайым оқиғадан сақтану мен сақтандыру полисінде көрсетілген аяқ астынан болған дәрігерлік шығындардан сақтануға мүмкіндік береді.
Шет мемлекетте болған кезде жергілікті заңдарын, салт-дәстүрлерін сақтаңыз. Баратын елдің қажетті сөз тіркестерін білу Сіздің саяхатыңызды жеңілдететіні есіңізде болсын.
Паспорт пен ақшаны қауіпсіз жерде сақтау қажет.
Жеке басын куәландыратын және ҚР азаматтығына қатыстылығын айғақтайтын құжаттардың көшірмесін жасап алыңыз. Көшірмені түпнұсқадан бөлек сақтаңыз.
Консулдық есепке тұру қажеттігін ескерiңіз. Ол форс-мажорлық жағдай орын алса Сізбен хабарласуға мүмкіндік береді.
Туыстарыңызбен пошта, телефон немесе интернет арқылы хабарласып тұруларыңызды сұраймыз.
Осылармен бірге, баратын еліңіз туралы, оның саяси жағдайы, климаты, заңдық және ұлттық дәстүрлері, қоғамдық және басқа орындарда жүріп-тұру ерекшеліктері туралы қосымша ақпаратты біліп алғаныңыз дұрыс.
Күтпеген жағдайлар туындаған кезде шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінен немесе консулдық мекемесінен көмек сұрауларыңыз қажет.
Берілген кеңестер шетелде уақытыңызды жақсы өткізуге және демалуға көмектеседі деп сенеміз.
Сізге сәт сапар тілейміз!
Анықтама телефондары:ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті
тел.: 8 (717 2) 72 01 13 факс: 8 (717 2) 72 04 60
e-mail: dks-astana@mfa.kz