Жаңалықтар

АУРУ – АСТАН

ашық дереккөзі

АУРУ – АСТАН

Жуырда Алматыдағы Holiday Inn қонақүйiнде Дүниежүзiлiк дұрыс ас қорыту күнi өттi. Дүниежүзiлiк мәнi бар бұл шара Қазақстан аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шара Қазақстан ұлттық Гастроэнтерологтар қауымдастығы, Қазақ тағамтану академиясы мен «Данон Беркут» компаниясы дүниежүзiлiк гастроэнтерологтар ұйымының қолдауымен өткiзiлдi.

Жуырда Алматыдағы Holiday Inn қонақүйiнде Дүниежүзiлiк дұрыс ас қорыту күнi өттi. Дүниежүзiлiк мәнi бар бұл шара Қазақстан аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шара Қазақстан ұлттық Гастроэнтерологтар қауымдастығы, Қазақ тағамтану академиясы мен «Данон Беркут» компаниясы дүниежүзiлiк гастроэнтерологтар ұйымының қолдауымен өткiзiлдi.

Дүниежүзiлiк гастроэнтерологтар ұйымының бастамасымен өткiзiлетiн бұл шара ас қорыту мәселелерiне жұртшылық назарын аударып, дұрыс тамақтану мәдениетiн қалыптастыруды көздейдi. Мұндай шаралар әлемнiң елуден астам елiнде өткiзiлiп келедi.

Қазiргi таңда дамыған елдердiң бә­рiн­де дұрыс тамақтану мен ас қорыту мәселесi мемлекеттiк деңгейге көтерiлiп отыр. Қазақстан да қол қусырып қа­рап отыр деуге болмайды. Әсiресе, «Нұр Отан» халықтық демократиялық пар­тия­сының адамдардың денсаулығын ны­ғай­туға бағытталған бағдарламалары аса маңызды. 2011-2015 жылдарға арнал­ған денсаулық сақтау саласын дамыту жөнiндегi мемлекеттiк «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталғаны баршаға белгiлi.

Ас қорыту жүйесiнiң сырқаттары жа­ғы­нан Алматы қаласы алдыңғы қатарда келедi. Статистикаға сүйенсек, 2011 жылы оңтүстiк астанамызда 100 мың халықтың 19 мың 490-ы ас қорыту жүйесi сыр берген. Ас қорыту жүйесi аурулары қан айналым және тыныс алу мүшелерiнiң сырқаттарынан кейiн 3-орында. Аталған дертке шалдығушылар саны балалар мен жасөспiрiмдер арасында да аз емес. Бұл топта асқорыту жүйесiнiң аурулары тыныс алу мүшелерiнiң сырқатынан кейiн 2-шi орында тұр. 100 мың адамға шаққанда 15 мың 130 бала, 30 мың 770 жасөспiрiм аталған сырқаттың тырнағына iлiккен. Ал әрбiр 100 мың ересек азаматтың 12 мың 410-ының ас қорыту жүйесiнде ақау бар. Ас қорыту жүйесi сырқаттарының арасында гастрит, дуоденит және он екi елi iшек жарасы басым.

Дүниежүзiлiк дұрыс асқорыту күнi­не орай өткiзiлетiн арнайы конфе­рен­ция­да ас қорыту проблемалары мен про­био­тиктердiң асқазан-iшек жолдары сыр­қат­тарының алдын алудағы рөлi туралы баспасөз мәслихаты өттi.

Конференцияда Қазақстан және жақын шетелдердiң жетекшi гастроэнтерологтары мен нутрициологтары онда өздерiнiң бiл­ген-түйгендерiмен бөлiсiп, зерттеулерiн ұсын­ды.

Атап айтар болсақ, конференцияның бас кураторы, профессор, м.ғ.д., Қазақ­стан Гастроэнтерологтар қауым­дас­ты­ғының президентi, Дүниежүзiлiк гас­тро­эн­терологтар ұйымының (WGO) ресми мүшесi Роза Рахымқызы Бектаева лекция оқыды. Лекция оқитындардың қатарында: про­фессор, м.ғ.д., WGO Украинадағы төра­ғасы О.Я.Бабак; профессор, м.ғ.д., Қазақ тағамтану академиясының вице-пре­зи­дентi Ю.А.Синявский; профессор, м.ғ.д., Қазақстанның нутрициологтар, гастро­эн­терологтар және эндоскопшылар қауым­дас­тығы президентi Е.А.Изатоллаев; м.ғ.д., Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты Гастроэнтерология кафедрасының доцентi Ж.А.Алдашева да бар.

Сондай-ақ, аталмыш шара ая­сын­да Holiday Inn қонақүйiнiң бас аспаз­шы­сының қатысуымен тамаша аспаздық шоу өт­кiзiлдi, дәмдi салаттар мен йогурттан түр­лi десерттер әзiрлендi.Тағы бiр қы­зықты оқиға, қатысушылар дұрыс тамақ­тану пирамидасының куәсi болды. Пи­ра­мида функционалдық табиғи тағам өнiм­дерiнен құралады.

Iңкәр IЛЕСҚАЛИҚЫЗЫ,

ҚазҰУ-нiң студентi