Астана аялдамаларында электронды таблолар орнатылады
Астана аялдамаларында электронды таблолар орнатылады
Астана аялдамаларында автобустардың келу уақытын көрсететін электронды таблолар орнатылады. Ол қоғамдық көліктің неше минутта келетінін көрсетіп тұрады.
Сондай-ақ, онда ақпараттандыру жүйелері орнатылады. Яғни, автобустардың келу уақыты мен қоса оның нөмірін де көруге болады. Бұл жүйе жолаушылар тасымалын реттеуге пайдасын тигізбек. Автобустардың жүру жиілігін анықтайтын жүйе де толықтай өзгереді. Енді автобустар жүрісін реттеп отыратын баяғы диспетчерлік қызмет бомайды. Электронды бағдарламалар арқылы автобустардың уақыт тізімі өзгеше құрылады. Яғни диспетчер өзі анықтап жатпайды, ол шынайы жолдағы жағдайларды ескеретін математикалық модель.