Жаңалықтар

«ЕРМАКТАН» ШЫҚҚАН ШУ

ашық дереккөзі

«ЕРМАКТАН» ШЫҚҚАН ШУ

Таяуда Түркi халықтарының дүниежүзiлiк Ассамблеясы Ресей президентi В.Путинге хат жазды. Хатта Ресейдiң “ГАЗ” акционерлiк қоғамы шығаруға дайындап жатқан бiрқатар автокөлiктерге Ермактың атын қойғанын, Ермактың аса жауыздықпен Дон, Сiбiр түрiктерiн, қазақ халқын қырғанын еске салып, ол жендеттiң атын дәрiптеу түрiк халықтарының, оның iшiнде қазақ халқының намысын таптау екенi айтылған. Сонымен қатар Ресейдiң мектеп оқулығында моңғол-татарларды адам жегiш еткенiн, атап айтқанда орыстарды жегенi жөнiнде жала сурет барын, бұл ұлы татар ұлтына орыстардың жеккөрiнiш сезiмiн тудыратынын атап көрсеткен.

Хатта 2011 жылы Астана экономикалық форумында Қазақстанның экономика институтының директоры Оразалы Сәбденов қазақ тілінде баяндама жасай бастаған кезде Ресейдің үкімет делегациясының залды тастап шығып кеткенін, сөйтіп қазақтың байырғы, бай тілін менсінбей намысына тигенін де жазған. Осы фактілерді алға тартып, Ассамблея Ресей президентінің орыс және түрік халықтарының жаңа заманға лайық қарым-қатынасына теріс ықпал ететін бұл келеңсіз жәйттерге назар аударып, болашақта болдырмауын, қазақ халқының жендеті Ермактың атын аталған зауыттан шығатын көлікке бергізбей, басқа да жолмен жауыздың атын дәріптетпеуін өтінген. Хаттың толық нұсқасы орыс тілінде орындалған.

«Түркістан-ақпарат»