ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ СЫНҒА ТӨТЕП БЕРДІ
ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ СЫНҒА ТӨТЕП БЕРДІ
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі төңірегіндегі алып-қашпа әңгіменің желдей есуіне қарамастан, ҚР Ұлттық банк төрағасы мен ірі жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) өкілдерінің айтуынша, оның тиімділігіне күмән келтіру жөнсіз. Олар келтірген дәйекті дәлелдердің бірі – бұл жүйедегі көшбасшылардың инвестициялық табысының көлемі инфляцияның жинақталған деңгейінен екі есе асып түсті.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан соң қоғамның назары жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ауғаны түсінікті. Бұл жолдауда Елбасы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттігін айтқан еді. Жоғары мінбеден айтылған осы мәлімдемені көптеген БАҚ-тар, түрлі «мамандар» іліп әкетіп, елдегі жинақтаушы зейнетақы жүйесін сын тезіне ала бастады.
Бұл жүйеге қарсылардың тарапынан түрлі айыптаулар айтылды, олардың дені төмендегідей: ЖЗҚ табысы төмен; олардың міндетін Мемлекеттік зейнетақы тарату орталығы да атқара алады; салымшылар аяқасты болған қиын жағдайларда өз ақшасының пайдасын көре алмайды; зейнетке шығу жасы ұлғайтылады, ал ауылдық тұрғындар мен өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтар бұл жүйемен қамтылмаған.
Ал Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко мұндай айыптаулардың негізсіз екенін ашық айтты, десе де ол нормативті құқықтық база мен тұтастай алғанда зейнетақы жүйесін жетілдіру қажеттігін мойындайды. Төрағаның айтуынша, бұл жүйеде атқарылған жұмыстардың нәтижесін дұрыс қорытындылау үшін кемінде 50 жыл керек, ал Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі он төрт жыл бұрын ғана енгізілді. «Қазір тіпті аралық қорытынды шығаруға әлі ерте. Өйткені бізде әлі күнге ұрпақтар келісімі (солидарный) негізінде жасалған жүйенің ықпалы басым» деп санайды ол.
Оның үстіне, ҚР Ұлттық Банктің Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды қадағалау және бақылау жөніндегі комитттің есебіне сәйкес, осындай шектеулі мерзімнің ішінде, яғни биылғы жылдың наурыз айындағы жағдайға сәйкес, 11 жинақтаушы зейнетақы қорының екеуі ғана инфляцияның жинақталған деңгейінен төмен табыс көрсеткішіне ие.
Ал көшбасшылардың бірі «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ (Қор) екені анық. Оның жылдық табысы 13,72%, ал инвестициялық табысы инфляцияның жинақталған деңгейінен екі есе артық (427,59% да 217,79%).
Қор Басқармасы төрайымының орынбасары Майра Кичигинаның айтуынша, бұл дерек инвестициялық басқарудың жоғары кәсіби деңгейінің әрі Қордың инвестицялық қоржынының портфеліне кіретін қаржылық құралдардың жоғары сапасының көрсеткіші. Сондай-ақ Халық банкінің зейнетақы қоры өкілдерінің айтуынша, бұл – қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толыққанды пайдалануға әбден лайық екендігінің дәлелі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қарата айтылған сын-ескертпелерге қатысты Кичигина ханым бұл жүйенің айтарлықтай артықшылықтары бар екеніне назар аударады. Олар: қалыптағыдан жоғары әрі әділ зейнетақы алудың мүмкіндігі; «көлеңкедегі» еңбек нарығының азаюы; ЖЗҚ жұмысының таза, шынайылығы; ЖЗҚ таңдау мүмкіндігі әрі оның инвестициялық стратегиясына (инвестицялық портфеліне) ықпал ету тетіктерінің болуы; тұрғын халықтың қаржылық сауаттылығының артуы; бәсекелестіктің арқасында қызмет көрсету сапасының артуы; сондай-ақ белгілі бір жағдайда жеңілдіктер алу мүмкіндігі.
Қордың Басқарма төрайымының тағы бір орынбасары Алексей Ким бұл ойды одан әрі дамытып, ЖЗҚ табысының аздығы көптеген факторлармен байланысты екенін айтып өтті. «Ең әуелі, қор нарықтарында белгілі бір деңгейде инвестициялық тәуекелдің болатынын түсінген жөн, ол бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлемелердің құбылуына, сондай-ақ компаниялардың дефолтынан туындайтын инвестициялық шығындарға байланысты. Бұл орайда әрбір ЖЗҚ өзінің инвестициялық портфелінде тепе-теңдік сақтауға тырысуы тиіс» деді топ-менеджер.
Мысалы, Халық Банкінің Зейнетақы Қоры өзінің инвестицялық портфельдерін жоғары несиелік сапасы бар қаржылық құралдардан құрған. Бұл қаржылық құралдар ұзақ мерзімде де, қысқа мерзімде де пайда табуға бағытталған. Бұл стратегияның дұрыстығына осы жылдың алғашқы екі айында Қордың өз салымшылары үшін 22 миллиард теңгеден көп пайда тапқаны дәлел бола алады. Бұл осы мерзім аралығында барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары тапқан инвестициялық пайданың 65%-ын құрайды.
Дегенмен де, Ким мырзаның айтуынша, егер тиімді инвестициялық қаржылық құралдардың жетімсіздігі мен заң нормаларындағы шектеулер болмаса, Қордың табысы бұдан да жоғары болуы мүмкін еді. Қазіргі таңдағы заң нормаларына сәйкес, ЖЗҚ инвестициялық портфельдің бір бөлігін сенімді, бірақ табысы да, тәуекелі де аз мемлекеттік құнды қағаздарға салуға міндетті. ҚР заңдарында ЖЗҚ іс-әрекетін шектейтін басқа да нормалар бар. Әйтсе де, бұл мәселе жақын арада шешімін табуы тиіс, топ-менеджердің айтуынша, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде айтарлықтай басқа өзгерістер енгізудің аса қажеттігі жоқ.
Қор мамандары бірауыздан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму муүмкiндiгi аса жоғары екендігін айтады, бұл жүйе жылдан-жылға көбейе беретін «арзан» ақшаның көмегімен келешекте ел экономикасының дамуына күшті серпін бере алады.
Орасан мол қаржыны пайдаланудағы бақылаудың аздығын сынайтындар көп. Оларға жауап ретінде мамандар жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық табыстан түсетін комиссиялық сыйақы есебінен күн көретіндігін алға тартады. Ал зейнетақы қорлары салымшылар ақшасының тиімді жұмсалып, салымшыларға да, қорға да, акционерлерге де пайдалы болуына мүдделі. (некорректиный перевод, просьба доработать)
Халық банктің Зейнетақы Қорының жұмысының барысы тиімді екені, сондай-ақ халықтың оған деген сенім дәрежесіне Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды қадағалау және бақылау жөніндегі комитетінің мәліметтері дәйек бола алады. 2012 жылдың 1 наурызындағы мәліметке сәйкес, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жалпы салымшылардың 27,9%-ы осы қордың үлесінде екен, оған қоса барлық зейнетақы салымдарының 33,4%-ы, барлық зейнетақы төлемдерінің 33%-ы, сондай-ақ барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары тапқан табыстың 34%-ы осы қордың еншісінде.
Бұдан қоса, 2011 жылы «Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі Қордың жұмыс сапасын тағы да жоғары бағалады, оған қоса «Айрықша жоғары (аса жоғары) сенім деңгейін» (А++рейтингісі) бекітіп берді.