КІШКЕНТАЙ АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

КІШКЕНТАЙ АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

КІШКЕНТАЙ АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
ашық дереккөзі

«Спорт: төгiлген тер мен еңбектiң қайтарымы» – деген М. Декобраның пiкiрi дәл айтылған. Бар күшiн аямай тер төккендер мен кәсiби жаттықтырушының жетекшiлiгiмен алға қойған мақсатқа табанды түрде ұмтылғандарға ғана жеңiстiң тәттi дәмiн тату бақыты бұйырады.

Чемпион болу үшін, балалық шақтан бастап спорттың кез келген түрімен айналысу керек. Бұл жағынан үлкен қалаларда қиындықтар жоқ екендігі түсінікті, қаражат қинамаса болды. Ал шалғайдағы ауылдар мен кенттерде дарынды балаларға тіпті спорттық ғима­раттар, жаттықтырушы, қабілет пен үлкен ниет болғанның өзінде жеңіл соқпайды. Шеберлік жарыс­тар кезінде шыңдалады. Кей кезде алыс ауыл балаларының жүзде­ген шақырым қашықтықта өткізілетін турнирлерге жылына бірнеше рет баруына мүмкіндік болмайды.

Мәселен, 4000-ға жуық тұрғыны бар Қыземшек кенті Шымкент қаласынан 400 шақырым қашықтықта орналасқан. Халқының көпшілік бөлігі «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясында жұмыс істейді. Атом компаниясы Бетпақдаланың «төрінде», шалғайда орналасқанына қарамастан, аталған кент тұрғындарына барлық мүмкіндіктерді жасап келеді.

Қыземшек кентінде «Қазатом­өнеркәсіп-Демеу» ЖШС-нің мақта­нышы – «Оазис» Мәдени-спорттық кешені жұмыс істейді. Аптаның жеті күні бойы балалардың өз таңдауына қарай 9 үйірмеде және 8 спорт секция­ларында ақысыз, пұлсыз жаттығулар жүргізіледі. Күн сайын мини-футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес, дзюдо, атлетизм, үстел теннисі және шахмат секцияларында 300-ден астам баланы жаттықтырады. Тәжірибелі жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі деп жаңадан шұғылданып жүрген спортшылардың аудан, облыс және республикалық жарыстардағы жеңіс­терін ауыз толтырып айтуға болады.

Тек 2012 жылдың басынан, ауыл спортшылары 3 аудандық (Созақ ауданы), 3 облыстық (ОҚО және Жамбыл облыстары), 1 республикалық (Атырау қ.) және 1 аймақаралық (Энергетик қ., РФ) жарыстарға қатысып, 6 – бірінші, 2 – екінші және 6 – үшінші орындарды иеленді.

Солардың ішінде дзюдо секциясы бойынша үзбей қатысушы Бибарыс Исабаев, аудандағы және облыстағы жеңістен кейін, дзюдо бойынша республикалық турнирге (Атырау қ.) жолдама алды. Ал одан кейін мамыр айының аяғында Бибарыс дзюдодан Ресей Федерациясы, Орынбор облысының Энергетик кентіне аймақаралық жарысқа шақырылған. Кішкентай Қыземшек жұмысшы кентінің баласы Ресейде дзюдодан турнирге қатысуға мүмкіндік алуының өзін үлкен жетістік деп айта аламыз. Жарыста Бибарыс үшінші орынды иеленіп, қола медальға қол жеткізді. Турнирдің ұйымдастырушылары баланың жақсы дайындығын атап өтті. Жас спортшының осы сәттегі қуанышын айтып жеткізу қиын. Жас спортшының өз жаттықтырушысы Б.Торғаевқа, спортпен шұғылдануға мүмкіндік берген «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС деген алғысы шексіз.

Мектепте оқып жүргенде қа­зақша күрес секциясының үзбей қа­тысушысы балалары – М.Аденов, Ж.Тельманов, М.Арыстанбеков, К.Кө­шербаев, М.Ізбасарова жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсіп, спорттық жолдарын жалғастыруда. Олар қазіргі уақытта республикалық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Шымкент қаласындағы мини-футболдан жоғарғы лигаға С.Тұраров қабылданды. Ал мини-футболдан шымкенттік жасөспірімдер құ­рама командасына Б.Абдалиханов қабылданса, А.Қаппар мен Е.Абдра­хым Шымкенттегі балалар құрама командасында ойнайтын болады.

Шәкірттерінің жетістіктермен шабыттанған жаттықтырушылар құ­рамы өздерінің алдына жаңа мақ­саттар қоюда. Балалардың халық­аралық жарыстарға қатысуы, жеңіске жетулері – Қазақстанның болашақ құрамасы үшін маңызды.

Лариса НОВИКОВА