СӘБИЛЕР СУРЕТ САЛҒАНДА...

СӘБИЛЕР СУРЕТ САЛҒАНДА...

СӘБИЛЕР СУРЕТ САЛҒАНДА...
ашық дереккөзі

Бала – өмірдің қызығы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауында: «Балалардың балалық шағының бақытты болуы мен келешегінің жарқын болуын қамтамасыз ету әрқайсымыздың міндетіміз», – деп атап көрсетеді. Тұңғыш Президентіміздің жоғарыдағы пікірін іске асыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП балаларға арнап мереке өткізді.

Балалар мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласының бүлдіршіндерін құттықтады. Шаһарда орын тепкен City Park балалар ойын-сауық орталығының бірнеше нүктесінде балаларға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған ойын-сауық орталықтарында сайқымазақтар бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Мереке күні балалар үшін барлық аттракциондар тегін болды. «Family» демалыс саябағында балалардың құрметіне «нұротандықтардың» ұйымдастыруымен өнерлі бүлдіршіндердің концерті өтті.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен № 2 қалалық балалар ауруханасында ашық есік күні болды. Аталған аурухананың мамандары балалар мен олардың ата-аналарын тегін тексеруден өткізді. Ата-аналар мен балалар невропатолог, кардиолог, аллерголог, т.б. білікті мамандардан кеңес алды. Тексеру жалпы 250 адамға жоспарланды.

Жаз мезгілінің алғашқы күні оңтүстік астанада үлкен мереке өтіп, барлық саябақтар мен ойын сауық орталықтарында балаларға арналған мерекелік кештер, байқаулар ұйымдастырылды. Саябақ ішіндегі алаңдарда балалардың жерге салған түрлі бейнелерін тамашалауға болады. Бір айта кетерлік жайт, бүлдіршіндердің қолынан шыққан туындылар жамандықпен күресуге, зиянды әрекеттерден аулақ болуға үндейді. Ішімдік пен темекінің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін суреттері арқылы бейнелепті қаланың жас өнерпаздары. Осы өнерпаздар арасында байқау өтіп, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарға арнап түрлі сыйлықтар тапсырылды.

Мереке күні қаламыздың барлық саябақтары мен демалыс орындары адамға толы болды. Бүлдіршіндердің сәби күлкісі қаламызға мереке шуағын сыйлады. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен мереке күнін балалар тамаша демалыспен өткізді.

Әсел Әнуарбек,

ҚазҰУ-дiң студентi