Жаңалықтар

КУПОНДАР ҚАЙДА?

ашық дереккөзі

КУПОНДАР ҚАЙДА?

Әнебір жылдары естеріңізде болса, барлығымыз инвестициялық жекешелендіру купондарын алғанбыз. Республикадағы жер үстi, жер асты байлықтарының бәрi осы елде тұратын халықтiкi екені белгілі. Соларды игiлiгiмiзге айналдырып, рахатын көру үшiн жекешелендiру керек. Сондықтан әрқайсысымыздың қолымызға «Инвестициялық жеке­шелендiру купондары» таратылып берілген.

Қазақстан Республикасының мем­лекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бас-басымызға үлестiрген «Инвестициялық жекешелендiру купондары бойынша чек кiтапшасын» өзiмiздiң ықыласымыз ауып, сенiмiмiз артқан, Үкiметтiң есебiне тiркелген қорларға тапсырғанымыз да белгілі.

Ивестициялық жекешелендiру купондарын инвестициялық қорларға барып, арнайы тапсырған едік. 1994 жылы 169 инвестициялық жекешелендiру қоры құрылыпты. Бас-аяғы бір жылдың ішінде 11 миллион адамнан жиналған купонға 1707 акционерлiк қоғам құрылып, елдердің бәрі жапа-тармағай купондарын салған болатын.

«Бутя» қоры ғана купондарын өткізген адамдардың ақшасын қайтарып берді. Жырымдап болса да, купонына қол жеткізген еді жұртшылық. Одан бөлек, көпшілік инвестициялық жекешелендіру купондарының қайда кеткенін, кімнен сұрайтынын білмей дал болып жүр. Бұған кім жауапты?

Ал біздің купон қайда?

Берiк САЙРАНБЕКҰЛЫ