БҰҚАРБАЙ БАТЫРДЫ БІЛЕМІЗ БЕ?

БҰҚАРБАЙ БАТЫРДЫ БІЛЕМІЗ БЕ?

БҰҚАРБАЙ БАТЫРДЫ БІЛЕМІЗ БЕ?
ашық дереккөзі

Бұқарбай батыр Естекбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай 1993 жылы Қызылорда облысында бiршама шаралар жүргiзiлген едi. Ендi мiне, ҚР Премьер-министрiнiң №3-р. 17.01.2012 жылғы өкiмiмен Бұқарбай батырдың 200 жылдық тойын республикалық көлемде өткiзу белгiлендi. Қызылорда облысының әкiмi Болатбек Қуандықов, сондай-ақ парламент депутаттары да бұл игiлiктi шараны қызу қолдауда. Аталмыш қаулыда республиканың мәдениет, бiлiм, ғылым, баспасөз салаларына батырдың өмiр жолын насихаттау мiндеттелген. Осы тұста Бұқарбай батыр туралы қалың көпшiлiк онша бiле бермейтiн аңыз-әңгiмелер мен Асқар Тоқмағамбетовтың «Бұқарбай батыр» поэмасы ерекше қызығушылық туғызары сөзсiз.

1940-1950 жылдар аралығында қазақ батырларын, олардың ерлік істерін насихаттау кеңінен қолға алынды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауынгерлерге олардың ерлігін көрсете отырып, рух беретін батырлық жырлар мен шығармаларды жариялау мемлекет тарапынан қатаң талап етілді. Тіпті Қазақстан Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовтен бастап, аудандық деңгейдегі басшылар да сөйлеген сөздері мен баяндамаларында батырлар есімін атап өтуді үнемі әдетке айналдырған. Он жылға созылған халық азаттық кү­ре­сінің басшысы болған Кенесары хан ба­тыр­ларының бірі Бұқарбай туралы аңыз-әң­гі­мелер мен мұрағаттық деректер аз емес. «Бұ­қарбай батырдың әңгімесі» атты аңызды ауыз әдебиетінің мұраларын жинаушы Мұсылманқұл Жиреншин (1941ж.), Бұқарбай ба­тырдың хикаясын айтушы Үргеніш бай болса,­ ал оны жинаған М. Ахметов, Орталық ғы­лыми кітапханасына (1946 ж.) тапсырушы С.Төлебаев сияқты азаматтар. Тақырыптары екі­ түрлі болғанымен негізінен екеуінің маз­мұны бір, бір-біріне жақын нұсқа. Бұл әңгімелердің негізі Бұқарбай батыр­дың Кенесары ханның ұлт­-азаттық күресіне қатысқаны жайлы 1870-1871 жылдары айт­қандары. Ауыздан-ауызға тарап, ХХ ға­сыр­дың 40-жылдарында жазбаша жазылып, бұл­ шығармалар бүгінде алтын қорға айналып­ отыр. Бірінші әңгімеде қыпшақ байының қызы Құраш (Күреш) атты сұлуға үш батырдың ын­тызары баяндалған. Ал ақын Асқар Тоқ­ма­ғам­бе­товтың біздің қолдағы 1941 жылы жазылып,­ сол жылы Қызылорда об­лыс­тық «Ленин жолы» газетіне басылған «Бұқарбай батыр» поэмасының үзіндісі де (толық нұсқасы табыла қойған жоқ) ерекше көркемдігімен назар аударуға тұрарлық. Бір сөзбен айтсақ, үстіміздегі жылы ту­ға­нына 200 жыл толатын Бұқарбай батыр Естекбайұлының өмір және ерлік жолдары­ әрбір көзі қарақты оқырман үшін рухани мол­ олжа. БҰҚАРБАЙ БАТЫРДЫҢ ӘҢГІМЕСІ Кіші жүз табын руынан шыққан Бұқарбай ба­тыр Шұбыртпалы Ағыбай батыр, Кенесары­ хан және Наурызбаймен көп уақыт жолдас­ бол­ған екен. Бұқарбай қартаң тартқан шағында бір әңгіме айтыпты: – Мен өзім талай қырғын жорықтарда болып жүргенімде батырлықтың бір ісіне өте қатты сүйсіндім. Сырдарияның Шуға беттеген жағында Кенесары бастаған қалың ел орнап жатқан кез еді. Ол кезде Созақ, Түркістан, Ақмешіт маңында қоқандықтармен соғысып жүрдік. Батырлар күні-түні ат үстіндеміз. Сыр бойындағы бізге тілектес іргелес ел – қалың қыпшақ. Қыпшақта бір байдың Күреш деген сұлу қызы болды, сол қызға Ағыбай, Наурызбай, мен – үшеуміз бірден қызықтық. «Қызыңды маған бер, маған бер» деп, үшеуміз де батырлық беделімізді салып сұрасақ та қыз әкесінің бізге берген жауабы: – Қызымды жалғыз атты жорықшы тентектерге бере алмаймын, жалғыз тулақ берер қалың малдарың жоқ, нелеріңе қызығамын? Бүгін мұнда, ертең анда кетіп жүрген сендердің артыңа таңып, қанжығаларыңа байлап жіберетін қызым жоқ. Елі сай, жері сай, терезеcі тең бір мырза кез болар, – деді. Біз үшеуміз де батырды, бізді менсінбеген мына қылығына ыза болып, Кенекең алдына келдік. «Осы қызды бірімізге бұйыртқыз, барып шауып алайық, ұлықсат беріңіз», – дедік. Кенекең үшеуміздің сөзімізді тыңдап болды да: – Сендерге ел керек пе, қыз керек пе? Алыстағы жауды алмай, іргедегі елді бүлдірейін деп пе едіңдер? Қыз керек болса, барып Созақтың қамалын бұзып, сарттың қызын алыңдар! Мыналарыңа ұлықсат жоқ, – деді. Бір күні әскер әр жаққа жорыққа аттанды. Ағыбай мен Наурызбай бөлек, мен Кенесарымен бір бөлек кеттім. Бір-екі күннен соң қайта (ауылға) оралып келдік. Ағыбай мен Наурызбай әлі қайтқан жоқ екен. Астыма мінгенім 200 қойға сатып алған күрең тұлпар еді. Өз ауылыма келіп жатқанда ауыл шулап қоя берді. Күрештің ауылын таңертең ертемен қоқандықтар шауып кетті деді. Сонан немене болғанымды өзім де білмеймін, көзіме қан толып, түгім түлеп сыртына шығып, олар қалай кетті деп сұрай бердім. «Жаулар Ташкент жаққа беттеп кетті» деді. Бір аяқ сусынды жұта салып, Кенекеңнен рұқсат сұрамастан жау-жарағымды асынып, Ташкент жаққа шу деп тартып кеттім. Найзамды аспанға үйіріп, құйғытып келемін. Түн ортасы ауған мезгілде ән салып, шуылдаған көптің дауысын естідім. Кешікпей-ақ қалың қолдың артынан келіп жеттім. Топ-топ болып ән салып, таланған мал-мүлікті артып, жаулар кетіп барады. Менімен бірде-бірінің жұмысы болған жоқ. Күреш көрінер ме екен деп қабырғалап шауып келем. Ілезде таң да ағарып атып қалды. Талай байланған ұл, талай қыздарды көрдім. Бірақ Күреш көзіме түскен жоқ. Бір мезгілде алдыңғы топқа келіп жеттім, жетсем түйеге мінген екі әйел кетіп бара жатыр екен. Сыртынан байқасам – бірі Күреш секілді. Жүгіртіп жанына жетіп келдім де: – Сен Күрешсің бе? – дедім. Жылап бара жатқан екен, «а» деп бетін ашып алды. Бетін ашып қалған кезде «мін артыма» деп жауырынан алып, ап деп артыма салып жібердім. Түйе жетектеген кісі тура ұмтылып еді, кеудеден найзамен бір-ақ іліп тастадым. «Шу» деп кейін жөнелдім. Сонда сарттар да менің жау екенімді біліп шуылдасып кетті. Бұл кезде мен бірталай жерге ұзап кеттім. Қыз айтты: – Батыр, жау жабылып артымыздан қуып келеді. Мен: – Көңілімді талғызба, тап таянғанда айт, – дедім. Жау таянып келгенін қыз айтты: – Бір тарлан атты келіп қалды, – деді. Қызды аттан түсірдім де, жауға қарсы мен де шауып, ода шауып, екеуміз де қалқанымыз жоқ. Найзаны ол да салды, мен де салдым. Найзасын аспанда бір қағып жіберіп, шұртқұлдайдан көк семсермен дәлдеп тұрып періп қалдым. Қорқырап барып жығылды. Тарлан атты жүгіртіп барып шылбырынан іліп алып, қызды жерден көтеріп алып атқа тастап жібердім. Екеуміз желіп жүріп кеттік. Артымыздан шапқан жау ту ұстаған батыры өлген ғой, батырлары да сол жерде иіліп тұрып қалды. Сұлулығына қанша сұқтанып жүрсем де, жолшыбай қызға бір ауыз сөз айтқан жоқпын. Жүріп отырып ертең түсте қыздың әкесінің үйіне келдік. Қызынан айрылып, еңіреген шешесі айтты: – Қарағым-ай, осы еңбегіңді ұмытпаймын, – деді. Қызды үйіне тастап, ауылдан жүріп кеттім. Ағыбай мен Наурызбай қызды босатып әкелгенімді естігенде: – Ту, сен батыр емес екенсің ғой, қызды неге мұнда әкелмедің? – деп өкінді. Мен: – Бірінші әкесінен ұлықсат жоқ, екінші Кенекемнен ұлықсат жоқ, – дедім. Арада бірнеше күн өтті. Науан мен Ағыбайдан гөрі қыз маған тән сияқты болып қалды, олар енді менімен таласа қоймады, тек жалынып сауға сұрай бастады. Бірақ мен өлсем де қызды оларға қиям ба? Мен бір күні қыздың үйіне барып, әкесінен: «балаңды бер» деп едім, «Жау талап, қалың малым азайып қалды, дәулетім сарқылды, қолың ұзын ғой, матап қыздың қалың малын тауып әкеп бер де, қызды ала бер», – деді. Жалғыз қарам жоқ, не бермекпін? Бедірейіп қалып, не айтар екен деп қызға қарадым. Қыз орнынан ұшып тұрып келіп айтты: – Әке, Бұқарбай батыр болмаса, мен сарттың бір бегіне күң болып кетпекші емес пе едім? Бұқарбай батырдың еңбегі менің бір қара басыма татитын болды ғой. Енді Бұқарбайдан басқа ешкімге бармаймын, – деді. Қыздың шешесі де: – Балаңның бақытына жаралған батырға жалғыз қызыңды бермей қайтесің, – деп қостады. Бай ақыры көніп: «Ал, ал балам, қыз алған жеріңнен айырылғың келмей тұр ғой», – деп ризашылығын білдірді. Қызды киіндіріп, бір жорға атқа мінгізіп, үйіме алып келдім. Өзіміздің батырларды жинап, үлкен той жасадым. Тойда Кенекең бас болып, Науан, Ағыбай тағы басқа батырлар бәрі қатынасты (қатысты). Сол алған әйелім өзі сұлу, өзі ақылды болды. Бұл әйелімнен екі ұл туды. Батырлығыма бір сүйсінгенім, міне, осы Күреш сұлуды жаудан тартып алған ерлігім болды, – депті Бұқарбай.
Тынышбек ДАЙРАБАЙ, зерттеушi, этнограф