СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ БЕЙНЕТАСПАСЫ ТАБЫЛДЫ

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ БЕЙНЕТАСПАСЫ ТАБЫЛДЫ

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ БЕЙНЕТАСПАСЫ ТАБЫЛДЫ
ашық дереккөзі

Бүгiнгi күнге дейiн ел басына күн туған заманда саяси қуғын-сүргiнге ұшыраған арыстарымыз жайында тың деректер табылып келедi. Бұған әрине талай жыл тер төккен зерттеушiлердiң де еңбегi зор.

Осы аптада ақпарат құралдары Мәскеу мұрағаттарынан Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфулиннің тұңғыш бейнекадры табылғанын хабарлады. Оны режиссер Жәнібек Жетіруов Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы деректі фильмге жинаған материалдар арасынан кездейсоқ та-уып алған көрінеді. Бұл туралы режиссер: «Биыл туғанына 130 жыл толғалы отырған халық ақыны, әйгілі аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы өткен жылы деректі фильм түсірген едім. Оған Мәскеу мұрағаттарынан жинаған материалдар арасынан Сәкен Сейфуллиннің әлдебір жиналыстағы бейнекадрын тау­ып алдым. Онда Сәкеннің екі жолдасымен жиналыс кезінде қол шапалақтап, өзара сөйлесіп тұрған сәттері бейнеленген. Әзірге Сәкен Сейфуллиннің жанындағы адамдардың кім екені анықталған жоқ», – дейді. Режиссер бұл кадрларды филология ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Тұрсынбек Кәкішевке арнайы көрсеткен көрінеді. Сәкентанушы ғалым бейнекадрдағы Сәкен Сейфуллинді жазбай таныған. Ол бұған дейін ақынның соңында қалған мұрасында фотолары болмаса, бейнекадрының кездеспегенін айтып, бұл жаңалықтың қазақ қоғамы, қазақ тарихы үшін маңызды оқиға екенін тілге тиек етті.

Динара ДҮРМӘН