ҚАРАҒАНДЫ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰРМЕТТЕДІ
ҚАРАҒАНДЫ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰРМЕТТЕДІ
Сарыарқаның кiндiк өңiрлерiнiң бiрi – көмiрлi Қарағанды облысының жұртшылығы да, алып өңiрдi басқарып отырған облыс басшылығы да соңғы күндерi сақадай сай тындырымды жұмыстар атқаруда. Солардың бiрi – сәуiр айының соңғы күндерiнiң бiрiнде облыс әкiмi Әбiлғазы Құсайынов мырза жаңа жылу электр орталығының құрылысымен танысу мақсатында жұмыс жоспарын құрды.
Облыс басшысы мен «Қазақстан коммуналдық жүйелер «ЖШС директорлар кеңесiнiң төрағасы Дiнмұхамед Ыдырысов жаңа жылу көзi ЖЭО-4 құрылысы бойынша өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
– Өздерiңiзге белгiлi, облыста электр энергиясына деген тапшылық айтарлықтай, осы жаңа жылу электр станциясын салу арқылы оның орнын толтырмақ ойымыз бар. ЖЭО-4 құрылысы жөнiндегi меморандумға қол қою Мемлекет басшысының алға қойған мiндеттерiн шешуге де мүмкiндiк беретiнi сөзсiз. Ең бастысы, бiз үшiн аса маңызды болып табылатын әлеуметтiк мәселелердi шешуге ықпал ететiн болады. Себебi жобаны жүзеге асыру барысында мыңға тарта жұмыс орындары құрылып, станцияға қызмет көрсететiн бiлiктi маман-кадрларды дайындау жұмыстары жүргiзiлетiн болады, – дедi облыс әкiмi қол қою рәсiмiнде.
Жалпы құны шамамен 380 млрд. теңгенi құрайтын жобаны iске асыру үш кезеңнен тұрады. Бiрiншi, 2012-2017 жылдары 300 МВт электр және 288 Гкал.сағат жылу энергиясын алу көзделедi. Екiншi кезең – 2017-2020 жылдар, ал үшiншi кезең – 2017-2023 жылдары да осындай қуат алынбақшы. Толық қуатына шыққан соң ЖЭО-4 900 МВт электр және 863 Гкал.сағат жылуэнергиясын өндiретiн болады.
– «Қазақстан коммуналдық жүйелерi» – Қарағанды облысында бұрыннан жұмыс iстеп келе жатқан компания. Қаладағы ЖЭО-1 мен ЖЭО-3 станциялары тиесiлi, сондықтан осындай маңызды жобаны жүзеге асыру өңiрiмiздi одан әрi дамыта түсуге және жылумен, электр энергиясымен толық қамтамасыз ету сапасын арттыруға оң ықпал етерi сөзсiз, – дедi одан әрi облыс басшысы өз сөзiн нақтылай түсiп.
Сонымен қатар, облыс әкiмi Әбiлғазы Құсайынов мырза мамыр айының 5 жұлдызында Ұлы Отан соғысының 67 жылдығына орай қабылдау өткiзiп, оған облыстың әр өңiрiнен келген 34 соғыс және тыл ардагерлерi қатысты.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аға буын өкiлдерiне қамқорлық көрсету – бiздiң перзенттiк парызымыз екенiн үнемi шегелеп айтып келедi. Бұл сөздер жергiлiктi билiк органдары үшiн де нақты iс-қимыл бағдарламасына айналды, – дедi облыс әкiмi. – Осынау зұлмат шаңырағын шайқалтпаған бiрде-бiр отбасы жоқ екенiне тоқтала келе, әкiм мырза соғыс және тыл ардагерлерiне жалпы бiр реттiк материалдық көмекке 68 млн. теңге көлемiнде, сонымен қатар облыс әкiмдiгi мен жүйеқұраушы кәсiпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық жөнiндегi меморандум есебiнен әрбiр соғыс ардагерiне 50 мың теңге көлемiнде материалдық көмек көрсетiп, бағалы сыйлықтар тарту еттi.
Қарағанды облысыТаңсұлу Алдабергенқызы