ГЮНТЕР ГРАССТЫҢ еркін ойы

ГЮНТЕР ГРАССТЫҢ еркін ойы

ГЮНТЕР ГРАССТЫҢ еркін ойы
ашық дереккөзі

Байлар да жылайды. Олар да қиын тұйықтан шығар жол таппай, қа­ра­пайым пенделердей ша­ра­сыздықтан абдырайды. Бұл – баршаға белгiлi, қит­ еткеннiң тiлiне тиек бо­лып жүрген әйгiлi се­ри­алдың жәй ғана атауы емес, өмiрдiң өзi қа­лып­тастырған шынайы шын­дық.

Байлар да жылайды. Олар да қиын тұйықтан шығар жол таппай, қа­ра­пайым пенделердей ша­ра­сыздықтан абдырайды. Бұл – баршаға белгiлi, қит­ еткеннiң тiлiне тиек бо­лып жүрген әйгiлi се­ри­алдың жәй ғана атауы емес, өмiрдiң өзi қа­лып­тастырған шынайы шын­дық.

Жеке адамның абдырауы аңғарыла бер­мес, ал тұтас өркениет – алпауыт, алып елдер, бірлігі мен ынтымағы көз сүй­сін­дірген тұтас қоғам мен қауымдардың аб­ды­рауының астарында көбіне осыған дейін қа­лыптасқан жалғандық, көзбояушылық ж­а­татыны айқын. Сөз бостандығы, пікір еркіндігін сандаған жылдардан бері жалпақ ғаламшарға үлгі етуден жалықпайтын қарт ұстаздай кәрі құрлық – тіпті айтқанына көніп, айдағанына жүре қоймаған елдерді жазалаудан да қашпайтын, әлем халықтарын әрнәрсеге үйретуден алдына­ жан салмайтын дүмді, тоқпейіл Еуропа соңғы күн­дері тұйыққа тіреліп отыр. Әр істе либералдық ұстанымдарын ежелден мақтан тұтып үйренген, еркін ойды тек өздерінің меншігіндей көретін кәрі құрлық бұл тұйықтан шығар жол таппайтын сияқты.

Еуропаны тұйыққа әкеп тіреген де – еркін ой! Бұл жағдайдың тікелей се­беп­ке­рі – 85 жасар неміс жазушысы, Нобель сый­лығының лауреаты Гюнтер Грасс. Әйгілі жазушының таяуда ғана Siiddeutsche Zeitung газетінде жарияланған «Айтуға тиіс ақиқаттар» атты өлеңі ашық күнде жай түс­кен­дей болған.

«Айтуға тиіс ақиқаттар» өлеңінде не айты­лып еді және Израиль ғана емес, бүкіл Еу­ропаны еріксіз дүр сілкіндірген Гюнтер­ Гра­сс кім?

1999 жылы Нобель сыйлығына ие болған Гюнтер Грасс 1927 жылы 16 қазанда еркін қала Данцигте (қазіргі Гданьск) саудагердің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі – неміс, анасы – кашуб халқының қызы.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1942 жылы 15 жасар Гюнтер сыныптастарымен бірге зенит батареясында қызмет етуге тіркеліп, 1944 жылы Ваффен-СС 10-танк дивизиясына әскери борышын өтеуге алынады. Соғыстан кейін тас қашаушы болады, одан соң Дюссельдорфтағы мүсін және көркем-сурет академиясында білім алып, кейін скульптор Карл Хартунгтың жетекшілігімен Берлиндегі бейнелеу өнерінің жоғары мектебінде білімін тереңдетеді. Бір сөзбен айтқанда, оның бойында суретшіге тән кең ойлылық пен еркіндік, сондай-ақ қарапайым тас қашаушының бойындағы турашылдық, шындықты бетке айтатын әділетке құштарлық қатар орын тепкен. Қазіргі әр ойды, пікірді сан алуан қитұрқыға салып, қу түлкідей бұлғаңдатып жеткізуге әбден машықтанған Еуропада мұндай турашылдық құптала қоймайтыны үйреншікті жәйт.

Осыдан алты жыл бұрын, 2006 жылы жазушы бозбала күнінде Ваффен-СС ұйымының құрамында болғанын мойындаған кезде де Германияда әжептәуір дау туған еді. Алайда жазушының өзінің айтуынша, жас күнінде Гиммлер құрған бұл ұйымды космополиттік элиталық құрама деп қабылдаған болса керек және ешқашан ешкімге қарсы оқ атпаған, әскери қылмыс жасамаған. Демек жас күнінде бастан өткергендері ешкім қашып құтыла алмайтын тағдырдың жазуы.

Ол өзінің «Айтуға тиіс ақиқатында»: «Соңғы кездері мүлдем нәзік ғаламшардағы бейбітшілікке Израильдің ядролық күштері қауіп төндіретінін айту үшін мен неге әбден қартаюымды және сиямның соңғы тамшыларын күттім екен?», – деп жазған көрінеді.

Бар болғаны осы. Үстірт қарағанда өзге жұрттарға оншалықты тосын болып көріне қоймайтын, осы бір ауыз сөз тоғышар Еуропаны мүлдем абдыратып, әбіржітіп тас­тады. Сәуір айының басында жарияланған өлеңінде Гюнтер Грасстың Иранға алдын-ала шабуыл жасаймын деп күш көрсеткен Израиль өкіметін сынға алуы әсіресе Германияда бұрын-соңды болмаған шу көтерді.

«Мен сандаған рет Израильдің сөзін сөйледім. Мен бұл елде талай рет болдым, мен бұл елдің өмір сүргенін және көрші елдермен ақыры татуласуын тілеймін» дегеніне қарамастан, Германия социал-демократтар парламент фракциясының жетекшісі Крист­и­ан­ Ланге іле-шала Welt басылымында сұхбат беріп, Нобель сыйлығының қарт лауреатына ақыл айта жөнелді. Кристиан Лангенің айтуынша, достар мен жауларды шатастыруға болмайды, өйткені Израиль емес, керісінше Иран еврей мемлекетін жер бетінен жо-йып жіберуді көздейді-мыс. «Грасстың шығармасы кімге пайдалы екенін білу керек: Израильде – консервативті оңшылдарға, ал Германияда неонацистерге тиімді екені сөзсіз», – деді саясаткер.

Бір ғажабы, соңғы жылдары бейбіт атом саласын дамытуды қолға алып, адамзаттың озық ойының жемісі өз елдерінің экономикасын, ғылымын алға сүйрейді деп сенетін ирандықтар Еуропа үшін бөжейге айналды. Бар болғаны өз жерінде АЭС салуды көздейтін Тегеран талай жылдан бері Батыс елдерімен қырғи-қабақ.

Бір ғажабы, атом қаруы бар Батыс елдері әлемге өз өктемдігін одан әрі үздіксіз жүргізе беру үшін мұндай қару және заманауи жаңа технологиялардың өзге елдерде болмауын тілейді. Сол үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға даяр. Израильдің атом қаруы бар екені баршаға мәлім. Ал Ирак сондай қару жасап жатыр деген жалған айыппен, көз алдымызда бейбіт елдің күл-талқанын шығарғаны күні кеше. Ендігі кезекте Иран тұр… Бірақ әлем жұртшылығының бір түсіне алмайтыны – Израильде бар қаруға өзге Таяу Шығыс елдерінің ие болуына неге құқығы жоқ? Мұны қандай желеу, мәймөңкемен жауып, жасырса да Батыс елдерінің ең үлкен әділетсіздігі осы екенін көпшілік жақсы біледі. Гюнтер Грасс та әбден қартайған шағында бұл мәселеге өзінің ойын ашық білдіргені үшін айыпты болуда… Израиль Нобель сыйлығының иесін әлден-ақ «персона нон грата» деп жариялады. Ал Еуропа осыған дейін мақтан тұтқан жазушысын жаппай қудалауға даяр. Бірақ Гюнтер Грассты жақтаушылар да жетерлік. Осылайша Еуропа екіге жарылды…