Жаңалықтар

Қазан қаласындағы көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

ашық дереккөзі

Қазан қаласындағы көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Татарстанның Қазан қаласындағы көшелердің біріне Қазақстан Президентінің есімі берілді. Қала мэриясының шешімімен Эсперанто көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше деп өзгерді.

Қазақстан көшбасшысының есімімен көше атау туралы бастаманы Татарстан Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы көтерген болатын. Татарстан Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Сағит Жақсыбеков Қазан мэрі Ильсур Метшинге Қазан қаласындағы көшеге Нұрсұлтан Назарбаев есімін берудің ағайынды республикалардың байланысының кеңеюіне және тереңдеуіне сеп болатынын айтып, арнайы хат та жолдаған. Көшедегі тақтайшаларды ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын. "Татарстан Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Сағит Жақсыбековтың Қазан қаласындағы көшеге Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы өтінішін қарау кезінде Қазан қалалық муниципалды білім беру топонимикалық комиссиясының кеңесін есепке ала отырып, Вахитов және Приволжск аудандарының аймағындағы Эсперанто көшесіне мекен-жай номерлерін сақтай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру туралы шешім шығарылды", - делінген қаланың атқару комитетінің баспасөз хабарламасында. Татарстан қазақтарының қуанышында шек жоқ. Олардың туған еліне мақтанышы еселене түсері сөзсіз.