Жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ

ашық дереккөзі

ДЕНСАУЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ

Өткен сенбі күні Астанада Бүкіл­әлемдік денсаулық күніне арнал­ған «Белсенді ұзақ өмір сүрудің қара­пайым формуласы» деген атпен акция болып өтті. Шара мақсаты – Елбасы Н.Назар­баев­тың Қазақстанның халқына арнаған биылғы Жолдауында айтылған міндеттерге, азаматтардың денсаулығын сақтау жә­не нығайтуды көздейтін «Саламатты Қа­зақ­стан» мемлекеттік бағдарламасына үндес.

«Жастар» сарайының алдында өт­кен шара шеңберінде «Денсаулық қалашықтары» ұйымдастырылып, жи­налған азаматтарға салауатты өмір сал­тының түрлі аспектілері, денсау­лықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша мамандар кеңес берді.

Игі шарадан қария кісілер де қа­лыс қалған жоқ. Өйткені биылғы Бүкіл­әлемдік денсаулық күні «Бел­сенді қарттық денсаулықты ны­ғайтады» деген ұранмен өтті. Қария­лардың қатысуымен «Тайцзи-цюань» сауықтыру бағдарламасы және гимнастика бойынша шеберлік-кластарының көрсетілуі, әсіресе бүгінгі жастарға нағыз үлгі болғандай, ал енді бірі сол жерде қан қысымдарын өлшетіп жатты.

Сондай-ақ акцияға қатысушылар арасында байқаулар, викториналар, спорт­тық жарыстар өткізіліп, ден­сау­лық сақтау, аурулардың алдын алу тақы­рыбында халыққа ақпараттық-білім беру материалдары, буклеттер мен брошюралар таратылды.

Осы орайда Бүкіләлемдік ден­сау­лық күніне арналған салауатты өмір салтын насихаттайтын мұндай іс-ша­ралар «Денсаулығымды сақтап, өзі­ме көмектесемін», «Серпілсең сергек боларсың», «Жолда жүру – өмір, жү­гіру – денсаулық» деген тақы­рып­та Қазақстанның барлық облыс ор­талықтарында, қалалары мен аудандарында ұйымдастырылғандығын да айта кеткен жөн.

Базарбек ТҮКIБАЙ

Астана