Жаңалықтар

АҚЫННЫҢ ЖАҢА КIТАБЫ

ашық дереккөзі

АҚЫННЫҢ ЖАҢА КIТАБЫ

Ақын Ибрагим Бекмаханұлының жуырда «ҚазАқпарат» баспасынан «Арыстанбай батыр» дастаны жарық көрді. Арыстанбай Айбасұлы 1693-1777 жылдары өмір сүрген. Әбілхайыр ханның құрдасы. Бейіті Ырғыз өңіріндегі хан қорымындағы Әбілхайыр ханның жанынан орын тепкен. Жаугершілік заманда халқы мен жерін ерлікпен қорғаған жан Сыр елі мен бүкіл батыс өңіріне аты аңызға айналған тұлға. Ақын дастанның беташарында «Қазақтың қорғап намысын, Тау қопарған қайраты. Ұран боп елге танылсын, Арыстанбайдың айбаты!»,– дей келіп, батырдың күрделі өмірі мен қилы тағдырын тарихи деректерге сүйене отырып, көркем сөз кестесімен әдемі өрнектеп шыққан. Бұл туындының бүгінгі және келешек ұрпаққа берер тәрбиелік мәні үлкен. Олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ерлік дәстүрді қастерлеп, патриоттық рухта тәрбиеленулеріне ықпал, әсері мол.

«Түркiстан-ақпарат»