Жириновский есімін Алматыдағы Масанчи көшесі мен №25 мектепке беруді айтып тағыда жидітіпті

Жириновский есімін Алматыдағы Масанчи көшесі мен №25 мектепке беруді айтып тағыда жидітіпті

Жириновский есімін Алматыдағы Масанчи көшесі мен №25 мектепке беруді айтып тағыда жидітіпті
ашық дереккөзі
РЛДП көшбасшысы Владимир Жириновский “Разговор по душам” видеоблогының авторымен өз кеңсесінде жолығып, Қазақстанға деген шынайы көзқарасы жайлы сұхбат берді деп хабардайды nur.kz.

Жириновский кеңесінде отырып айтқан кезекті "мәлімдемесінде": “Қазақстан – мен үшін кішігірім туған жерім. Мен тіпті Алматыдағы Масанчи көшесінің атауын Жириновский деп өзгертсе де қарсы емеспін. Ал №25 мектепті Жириновский атындағы деп те атай берсін. Мүмкін болашақта солай істегісі келетіндер табылар? Есесіне туристер көп келетін болады. Бұл өздеріңе тиімді. Сондықтан алдын-ала келісімімді беремін”, – деп атйқан.

Сондай-ақ, ол өзінің бұрында Қазақстан жайлы айтқан пікірлерін журналистер бұрмалады деген оймен түземеке талпынып: “Алматы – менің туған қалам. Мен Қазақстанда 18 жыл тұрдым… Ресейде ешкім Қазақстанның мәртебесі мен шекарасына күмән келтірмейді. Біздің сөздерімізді кей журналистер басқаша етіп жеткізіп жатады. Мәселен “Эхо Москвы” радиосында Плющевке сұхбат бергенмін. Біз Украина, Донбассты талқылап отырдық. Ол “келесі кезекте кім, Қазақстан ба?” деген сұрақ қойды. Мен “кейін” деп бұл мәселені талқылап жатпағанымзды аңдату үшін айтқан едім. Алайда қазақстандықтар мұны өздерінше түсініп, келесі кезекте Қазақстан тұр деп ұғып қалды”, – деп түсіндіріпті.

Саясаткердің айтқан сөздерін мына бейнематериалдан толық тамашалай алсыздар.