СТУДЕНТТІК НАУРЫЗ СҮЙКІМДІ

СТУДЕНТТІК НАУРЫЗ СҮЙКІМДІ

СТУДЕНТТІК НАУРЫЗ СҮЙКІМДІ
ашық дереккөзі

Алматыда әз Наурызды тойлау әлі жалғасуда. Өткен жексенбі күні С.Ж.Асфендияров атындағы Меди­ци­налық университеттің жатақханалары алдында жылдағы дәстүрлі Наурыз мерекесі тойланды.Ұлттық тағамдардан мол дастархан жайған студенттер қазақы кеңпейілмен келген қонақтарға қонайжылылық танытты. Ұлттық ән-жырмен, мың бұралған бимен әрленген той көрігі қыза түсті. Жиын-тойды ұйымдастыруға «Болашақ» республикалық қозғалысынң мүшелері де белсене атсалысқанын айтып өткен ләзім.

Бес жатақхана студенттері өзара арқан тарту, қол күресі, турникке тартылу, кір тас көтеруден жарыс өткізіп, күш сынасты. Ән-жырдың арасында қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен түрлі көріністер қойылды. Ұлттық нақыштағы киім киген жастар беташар, тұсау кесер, т.б. көрініс қойып, оны аталы сөз, баталы жырмен көмкерді.

Тамашаны көруге жиналған қауым болашақ медицина қзыметкерлерінің арасында ән-күйге құмар, өнерпаз талай жастың бар екеніне куә болып, тамсанып қайтты.

«Түркiстан-ақпарат»