ҚЫРҒЫЗСТАНДА – АНАЛАР КҮНІ
ҚЫРҒЫЗСТАНДА – АНАЛАР КҮНІ
Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев жаңа бастама көтерді. Ол мамыр айының үшінші жексенбісін «Қырғыз Республикасында Аналар күнін бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.Ел Президенті қоғам мен мемлекет назарын ана мәртебесі мен рөлін арттыруға және Қырғызстандағы отбасы ахуалына аудару керектігін есепке ала отырып, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйеніп, Аналар күнін бекіту туралы шешімін жариялады.
Осыған байланысты Үкіметке ананы қорғау, елдегі отбасы жағдайының қабылданған міндеттемелер мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес келуіне сараптама жасау тапсырылған көрінеді. Сондай-ақ сараптама жұмыстарының нәтижесінде ана мен отбасын қолдау жөніндегі кешенді бағдарламаларды жасап бекіту және Аналар күніне орай кең көлемді ақпараттық-танымдық науқан өткізу жоспарланған екен.
Дайындағандар:Д.Мыңжасарқызы, А.Айдарқызы