АРНАЙЫ АЙДАР АШЫЛДЫ

АРНАЙЫ АЙДАР АШЫЛДЫ

АРНАЙЫ АЙДАР АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» арнайы айдары ашылды. Құқық қорғау органдарының қыз­­­­меткерлерін кезектен тыс­­ ат­тестаттауды өткізудің ай­қын­­дылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің .akorda.kz ресми сайтында «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» атты арнайы бөлім ашылды.

Аталған бөлім кезектен тыс аттестаттауды өткізу тәртібін бұзу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының аттестатталатын лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар жасау, олардың қызметтік этика нормаларын сақтамау фактілері туралы Мемлекет басшысына тікелей жүгінуге арналған.

Әрбір өтініш тиісті тексеруден өткізілгеннен кейін аттестаттау барысында ескерілетін болады.Бөлімде сондай-ақ аттес­тат­тауды өткізу ережелерін рег­ламенттейтін барлық нормативтік-құ­қықтық құжаттар, оның ішінде Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамы және Жоғары аттестаттау комиссия­сы аттестаттайтын құқық қор­ғау органдары басқарушы қыз­меткерлерінің жеке тізімі ор­на­лас­тырылған.

Қызметкерлері Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес кезектен тыс аттестаттаудан өтетін құқық қорғау органдарының — Бас прокуратураның, Экономикалық қыл­мысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес агенттігінің, Іш­кі істер, Төтенше жағдайлар ми­нистрліктерінің, Кедендік ба­қы­лау комитетінің ресми сайттарында да осы мазмұндас айдарлар ашылған.

«Түркiстан-ақпарат»