«ҚАРҒЫН» ҚАЙТА БАСЫЛДЫ
«ҚАРҒЫН» ҚАЙТА БАСЫЛДЫ
Көрнектi жазушы Дулат Исабековтiң «Қарғын» романын оқымаған жан кемде-кем шығар. Әсiресе «Қарғын» алғаш шыққан жылдары оқырман оны жата-жастана оқып, қойындарына салып жүрдi. Бағила қыздың сұлулығына тамсанып, Жасынды сүйдi оқырман. Бағиланың бойындағы нәзiктiк пен Жасынның бойындағы тектiлiк оқырманын тәнтi еткен едi.
Кез келген жазушыға оқырманның ыстық-ықыласы қымбат. «Қарғынды» іздейтiн оқырман әлі де табылады. Тіпті жазушының қалта телефонына қоңырау шалып, сүйікті кітабын сұрайтындар да бар. Оның сыртында, республиканың түкпір-түкпірінен жиі-жиі хат жолдаушылар кездеседі. Мұның бәрі оқырманның жазушының «Қарғынына» деген махаббаты болса керек. Қалың жұртшылықтың сұрауы бойынша Дулат Исабековтің «Қарғын» романы жеке кітап болып қайта басылып шықты. Кітапты алғысы келген оқырман төмендегі мекенжайға хабарласуларына болады:
Алматы қаласы, Абай даңғылы, Баспалар үйі, 5 қабат, 526 бөлме.Байланыс телефондары: 394-37-37; 394-41-79