«ҚАРҒЫН» ҚАЙТА БАСЫЛДЫ

«ҚАРҒЫН» ҚАЙТА БАСЫЛДЫ

«ҚАРҒЫН» ҚАЙТА БАСЫЛДЫ
ашық дереккөзі

Көрнектi жазушы Дулат Исабековтiң «Қарғын» романын оқымаған жан кемде-кем шығар. Әсiресе «Қарғын» алғаш шыққан жылдары оқырман оны жата-жастана оқып, қойындарына салып жүрдi. Бағила қыздың сұлулығына тамсанып, Жасынды сүйдi оқырман. Бағиланың бойындағы нәзiктiк пен Жасынның бойындағы тектiлiк оқырманын тәнтi еткен едi.

Кез келген жазушыға оқыр­­манның ыстық-ықыласы қымбат. «Қарғынды» іздейтiн оқырман әлі де табылады. Тіпті жазушының қалта телефонына қоңырау шалып, сүйікті кітабын сұрайтындар да бар. Оның сыртында, республиканың түкпір-түкпірінен жиі-жиі хат жолдаушылар кездеседі. Мұның бәрі оқырманның жазушының «Қарғынына» деген махаббаты болса керек. Қалың жұртшылықтың сұрауы бойынша Дулат Иса­бековтің «Қарғын» романы жеке кітап болып қайта басылып шықты. Кітапты алғысы келген оқырман төмендегі ме­кен­­жайға хабарласуларына болады:

Алматы қаласы, Абай даң­ғылы, Баспалар үйі, 5 қабат, 526 бөлме.Байланыс телефондары: 394-37-37; 394-41-79