Жаңалықтар

Елімізде 2500 ден астам маңызды нысан апатты жағдайларға шыдас бермейді

ашық дереккөзі

Елімізде 2500 ден астам маңызды нысан апатты жағдайларға шыдас бермейді

Қазіргі таңда республика бойынша 470 мектеп, 270 аурухана, 198 мектепке дейінгі мекеме, мыңға жуық қоғамдық нысан және 500-ден астам өндіріс кәсіпорындары сейсмикалық күшейту жұмыстарын талап етеді. Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Владимир Беккердің мәлімдеуінше қоғамдық маңызды екі жарым мыңнан астам нысан сейсмоқауіпті болып отыр.

"Қазір елімізде орналасқан сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісін болжау жүйелері біркелкі емес, әрқалай орналастырылған. Бұл сейсмобелсенді аймақтарды толықтай тексеріп отыру мүмкіндігін шектейді. Жер сілкінісі туралы зерттеулер тек алматылық болжам полигонында жасалады. Және ол тек Алматы қаласы мен облысы аймағын ғана қамтиды. Сейсмикалық орталықтарды қауіпсіз жерлерге көшіру қажет. Не болмаса нысандардың сеймо тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу керек. Себебі Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда сейсмикалық орталықтардың және атап өткен ғимараттардың жойылу қаупі бар»,-дейді Владимир Беккер. Ірі жер сілкінісі болған жағдайда Алматы қаласында орналасқан сейсмикалық орталықтар зардап шегеді деген болжайды мамандар.