«ДІН және БІЛІМ»

«ДІН және БІЛІМ»

«ДІН және БІЛІМ»
ашық дереккөзі

Осындай атпен үстiмiздегi жылдың 15-16 ақпан күндерi Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттiк университетiнiң №1, №2 жатақханаларында ашық әңгiме болып өттi.

Мұндағы мақсат – оқу орнының студенттеріне еліміздің діни қызметі мен қазіргі ахуалы, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер және діни конференциялар т.б. актуальді мәселелер жөнінде дұрыс мағлұмат беру, оларды дінге қатысты заң үлгілерімен таныстыру. Шараны ұйымдастырушы – университетінің аға кураторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Бөпежан Ғазизқызы Иманғалиева.

Әңгіме барысында университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Аққали Қабижанұлы Ахмет, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Серікқали Құсниденов, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Салауат Қапизов өткен жылдың қазан айында облысымызда құрылған діни қызмет жөніндегі бірлестік, діни департаментінің қызметі, агенттіктердің жастар мен қоғамға әсері жөнінде нақты дәйектер келтіріп, ҚР-ның дін және діни бірлестіктер туралы заңымен таныстырды.

Студенттер өз тарапынан сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Атап айтқанда, діни миссионерлердің жастарымызға іріткі сала алмайтындығы, болашақ жастардың қолында екені ескертілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттiк университетiнiң студентi