ӘРІПТЕСІМІЗ – ЖЕҢІМПАЗ!

ӘРІПТЕСІМІЗ – ЖЕҢІМПАЗ!

ӘРІПТЕСІМІЗ – ЖЕҢІМПАЗ!
ашық дереккөзі

ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қолдауымен Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы «Жүректен Жүрекке» атты журналистер арасында байқау өткiздi. Аталған байқаудың мақсаты – елiмiздегi денсаулық саласын насихаттау болатын.

Шараға БАҚ барлық бағыты бойынша ұсынылған шығармалар арасында «Ең үздік радио материалының» бірінші орынын Қазақ Радиосының редактор-жүргізушісі Гүлбану Алпамысқызы жеңіп алды. Сонымен бірге, телеарна номинациясы бойынша, «Хабар», «Қазақстан», «Алматы» телеарналарының жүргізушілері де жеңімпаздар атанды.

Республикалық басылымдар арасында да топ жарғандар бар. Олардың қатарында, алғашқы орынды «Литер» газетінің тілшісі Мира Мұстафина иемденсе, екінші орынды газетіміздің тілшісі, қарымды журналист Динара Мыңжасарқызы мен «Айқын» газетінің тілшісі Әйгерім Бақытқызы жеңіп алды. Үшінші орын «Алаш айнасының» тілшісі Ләззат Бектембековаға бұйырды.

Әріптестерімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!