Жаңалықтар

ШЫҰ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛДЫ

ашық дереккөзі

ШЫҰ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛДЫ

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университетiнiң (ШЫҰУ) негiзгi ұстанымы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер университеттерiнiң желiсiн құрып, бiлiм беру арқылы елдер арасындағы ынтымақтастық пен сенiмдiлiктi нығайту.

Бүгінгі отандық білім беру флагманына айналған Қазақ Ұлттық университетінде қазіргі кезде ШЫҰУ Оқу орталығы жұмыс істейді. 2010 жылдың мамыр айында құрылған орталық білім кеңістігінде экология бағыты бойынша Ресей халықтар достығы университеті (Ресей), Оңтүстік-Орал ұлттық зерттеу университеті (Ресей), Сібір Федералды университеті (Ресей), М.Алдышев атындағы Ош технологиялық университеті (Қырғызстан), Тәжік аграрлық университеті (Тәжікстан), Ланьчжоу университеттерімен (ҚХР), нанотехнология бойынша Белгород мемлекеттік университеті (Ресей), аймақтану бағыты бойынша Мәскеу лингвистикалық гуманитарлық университеті (Ресей), Бішкек гуманитарлы университеттерімен (Қырғызстан) келісім-шартқа қол қойылып, тығыз байланыста. Шанхай ынтымақтастық ұйымы уни­вер­си­теті және магистрлік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Келісім аясында қазіргі таңда экология бағыты бойынша 7 магистрант Ресей халықтар достығы университетінде, аймақтану бағыты бойынша 1 магистрант Мәскеу лингвистикалық гуманитарлық университетінде, нанотехнология бағыты бойынша 2 магистрант Белгород мемлекеттік университетінде біліктіліктерін шыңдап, білім алып қайтты. Серіктес университеттер магистранттарымыздың жақсы ғылыми дайындығы мен сол университеттердің қосымша жұмыстарына белсене қатысып, ат салысқаны үшін ризашылығын білдіріп жатса, біздің магистранттарымыздың да берілген мұндай мүмкіндікке айтар алғыстары шексіз.

Білімнің қарашаңырағы ҚазҰУ ШЫҰУ құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін жемісті жұмыс атқарып келеді. ШЫҰ Университеті кеңістігінде Қазақ Ұлттық университетінің бедел, абыройы 2011 жылдың 6-9 қараша айында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына 10 жыл толуына орай болған ең ірі Халықаралық қоғамдық-саяси маңызы зор «Шексіз білім» атты IV Білім апталығында ерекше сезілді. Шекара асып, басқа елдерден келген серіктес университеттерден келген әріптестеріміз жасаған барлық баяндамаларында «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің» кездесуі де білім ордамыздың белсенді жұмысының бірден-бір көрсеткіші. Апталықтың жұмыс кездесуінде ШЫҰУ оқу орталығының бағыттары мен Ресей Федерация университеттерінің арасындағы пилоттық жобаларының нәтижелері жөніндегі көпжақты мәселелер талқыланды. Қытай, Қырғызстан университеттерінің біздің оқу ордамызға қызығушылығы артып, ШЫҰ кеңістігінде жаңа ғылыми байланыстар орнатылды. Апталықта жасалған келіссөздер бүгінде өз жемісін көрсетті: экология, аймақтану бағыттары бойынша Ланьчжоу және Шаньдун (КХР) университеттерімен академиялық ұтқырлықты жоспарлап, магистранттардың тізімі талқылануда. Ж.Баласағұн атындағы Қызғыз ұлттық университетімен екі жақты келісімшарт жүргізіліп жатыр.

02.02.2012

М.НҰРСЕЙIТОВА,

ҚазҰУ, ШЫҰУ оқу орталығының бас маманы