Жаңалықтар

М-агент жайлы бiрер сөз

ашық дереккөзі

М-агент жайлы бiрер сөз

Заманның даму дөңгелегiндегi адамзат үшiн үлкен жаңалық болған интернет – қазiргi кезде бiздiң арамызда бiр-бiрiне жұбай iздегендердiң танысу, әуесқой жандардың музыка әрi кино көшiру құралы. Интернет тiлiн мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала да бiледi. Көшеде жүрсе телефонға, үйде отырса компьютерге үңiлетiндер қаншама? Бiрақ бұлар интернеттiң орасан зор тораптарынан бiлiм алып жатқандар емес, ондағы ойын мен м – агентке арбалғандар.

Бұл интернеттiң өзiнiң жеке тiлi бар. Қазақша мен орысшаны араластыра сөйлеумен қоса, бiрiнен хал сұрап, хат жазсаң ол саған агент тiлiмен «слм» деген жауап қайтарады. Ал тамақтанып отырған күйiн, тостақ пен шанышқы арқылы бейнелейдi. Бұған қарап ас болсын десеңiз, «раха немесе спс» деген жуап қайтарады, бұл агент тiлдiнде», рахмет және спасибо!», – дегенi. Агент қолданушыларда мәдениеттi, шырайлы сөздерге орын жоқ, бiр нәрседен қорыққаныңызды жариялағыңыз келсе, «үрейiм ұшты, шошындым» деп әуре болмай, көзi шарасынан шығып кетердей болған бастың суретiн орнатсаң, агент халқы түгел түсiнедi. Сонымен қатар бiреудi ұнатсаң, сезiмiмдi қалай жеткiзем деп бас қатырмайсың, ол жағдайда сiздi агент өзi құтқарады, ғашығыңызға қызарған жүрек белгiсiн жiберсеңiз болғаны. Жазуға ерiнген жағдайда әр iс пен көңiл күй белгiлерiн жөнелте саласың. Және агенттiң дәстүрлi аңыздары мен ырымдары бар. Мысалы: бiрнеше жүрек үлгiсi осыны 10 адамға тарат,15 минут iшiнде таратсаң бүгiн сенiң сүйгенiң сенi сүйетiндiгiн түсiнiп, тура сағат 12-де хабарласады, таратпасаң, махаббатыңнан мәңгiге айрыласың дегендей, бұл тексерiлген,шындық! – деп аяқталатын аңыз. Тағы сол сияқты жалпы қауымға бiрдей өлең арнағың келсе «микро блог» баптауын қолданасың.

Мiне осындай қыр-сыры көп м – агент барлық жастарымыздың санасын жаулап алған.

М-агенттi бiреулер жақсы десе, бi­реулер жаман дейдi. Оның пайдалы жағы да, зиян жағы да бар, ағайын. Менiң бiр досым агенттi ауру дейдi, сол ауруға шалдығып қалмаңыздар. «Ештен кеш жақсы», – демекшi, агент санамызды толық уламай тұрғанда, өзiмiздi өзiмiз қолға алайық.

Гүлназ БАҒДАТОВА

Алматы облысы,

Панфилов ауданы,

Ават орта мектебi,

11-сынып оқушысы