ҚАДЫР АҚЫНДЫ САҒЫНДЫҚ

ҚАДЫР АҚЫНДЫ САҒЫНДЫҚ

ҚАДЫР АҚЫНДЫ САҒЫНДЫҚ
ашық дереккөзі

Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, ақын Қадыр Мыза Әлiнi еске алған «Қазақтың дана Қадыры» атты әдеби-сазды кеш өттi.

Әдеби кеште сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин ақын аға туралы: «Қадыр ақын 20-ғасырдың бүкiл аласапыран оқиғаларын көрген, қиындықтарын бастан өткiзген, ұлтын тәрбиелеген халықтың бiртуар перзентi, ұлы ақыны. Қадыр ақынның рухы, жаны – қазақтың ұлан байтақ аспанында мәңгi жасайды. Соның ең алғашқы белгiсi бүгiн Қазақтың Абай атындағы мемлекеттiк опера және балет театрында өтiп жатқан кеш деп бағалауымыз керек», – деп тебiрендi.

Әдеби кештi ұйымдастыруға мұрын­дық болған Мәдениет және ақпарат министрлiгi мен Алматы қаласы әкiмдiгi мен «Қадыр Мырза Әлi» қоғамдық қоры. Аталмыш шара ақынның дүние­ден өткенiне 1 жыл толуына орай, ұйымдастырылып отыр. «Қадыр Мырза Әлi» қоғамдық қорының директоры Донедiл Қажымов­тың сөзiне сүйенсек, соңғы бiр жылдың iшiнде қайраткер ақынды ұлықтауға арналып бiрқатар шаралар өтiптi. Оның iшiнде, ақынның 18 томдық шығармалар жинағы жарық көрсе, Қадыр ақынның афоризмдерi де кiтап болып басылып шыққан. Сондай-ақ, ақынның 200-ден астам әнге мәтiн жазғаны белгiлi. Ақынның өлеңдерiне жазылған әндердiң де үнтаспасы шығарылып, Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында арнайы көрмелер ұйымдастырылды. Әдеби-сазды еске алу кешiнде Қадыр ақынның өлеңдерi оқылып, әншiлерiмiз әндерiн шырқады.

Гүлзина ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ