«ЭЙР АСТАНА» ПАРКI ВOEING 757 ҰШАҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

«ЭЙР АСТАНА» ПАРКI ВOEING 757 ҰШАҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

«ЭЙР АСТАНА» ПАРКI ВOEING 757 ҰШАҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
ашық дереккөзі

Жуырда Қазақстанның жетекшi әуе тасымалдаушысы «Эйр Астана» әуекомпаниясының паркi Boeing 757 ұшағымен толықты. ҚР ұлттық әуетасымалдаушының авиапаркiн толықтырған ортамагистральды аталмыш ұшақ Алматы әуежайына алғаш 2012 жылдың 17 қаңтарында қонды. Экономкласта 150 орыны және бизнес-класта 16 орыны бар бұл авиалайнердiң крейсерлiк жылдамдығы – 870 км/с, ұшу қашықтығы – 7250 шақырым.Осы авиалайнердiң келуiмен әуекомпания флотын батыс өндiрiстiң 26 заманауи әуе кемесi құрайды. Олардың арасында – Boeing 767-300, Boeing 757-200, Airbus A321, Airbus A320, Airbus A319, Embraer 190 және Fokker 50. «Boeing 757 бар.Әлемнiң көптеген әуекомпаниялары осы әуе кемелерiн тиiмдi пайдаланып келедi.

«Эйр Астана» АҚ инженерлiк-техникалық қызмет көрсету жөнiндегi аға вице-президентi Джон Вэнрайт мырзаның айтуынша, Boeing 757 ұлттық әуетасымалдаушы алғаш 2003 жылы операциялық лизингке алған. Сол уақыттан берi мұндай ұшақтар Қазақстанда және шетелдерде жоғары дәрежеде жұмыс атқарып, ұшуларды орындауда өзiнiң сенiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн дәлелдедi, сонымен қатар отынды тиiмдi пайдаланып алдыңғы қатардағы технологияларды қамтиды. Boeing 757 ұшақтары «бизнес-класпен» және экономкластың ыңғайлы орындарымен жабдықталған.

Ұшақ барлық техникалық тексерулер мен басқа да рәсiмдерден өткен соң, алғашқы рейсiн Алматы-Ақтөбе бағыты бойынша 2012 жылдың 21 қаңтарда жүзеге асырды. Одан бұрын авиалайнер iшкi және халықаралық бағыттар бойынша ұшуларды орындады.

Boeing 757 авиалайнерiнен соң «Эйр Астана» әуекомпаниясы авиапарктi кеңейтудi жалғастырмақ. 2012 жылы Embraer 190 үш ұшағы жеткiзiледi, олардың екеуiнiң құны бiрден төленсе, ал бiреуi операциялық лизингке алынады. Сондай-ақ үстiмiздегi жылы компания Airbus тобының 6 ұшағын әкелудi жоспарлап отыр.

Д.БЕЙБIТҚЫЗЫ