ҚЫТАЙДА СТУДЕНТ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТI

ҚЫТАЙДА СТУДЕНТ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТI

ҚЫТАЙДА СТУДЕНТ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТI
ашық дереккөзі

Қаңтар айының басында Қытайдағы қазақтардың студент ақындарының айтысы болып өтті. Айтысқа қатысқан 32 ақыннан сараланып шыққан 13 айтыс­кер үш номинация бойынша марапатталды. Бас жүлдені Анар Бәделханқызы жеңіп алған. Бұл реткі ақындар айтысын ҚХР Іле Педагогикалық Институтының айтысты оқыту мен зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. Аталған дүбірлі шараның өткізілуіне айтыстың «Дүние жүзілік бекзаттық мәдени мұралардың өкілдік туындысы» қатарына жолдама алуы мен ЮНЕСКО-ның айтысты қорғауға атсалысуы себепші болып отыр. Айта кетерлік тағы бір жайт, студент ақындар айтысының үшінші рет өткізіліп отырғандығы. Әділқазылар мен сыншылардың пікірінше аталған айтыс сөз тапқыштығы, шешендігі, айтыс түрлерінің сахнаға көтерілуі жағынан Шынжаң қазақ тарихындағы өте үлкен құбылыс ретінде бағаланып отыр. Айтыс көкжиегінің кеңеюіне өзіндік үлес қосқан аталған зерттеу-оқыту орталығы айтыс жөніндегі зерттеу мақалалардың қытай және ағылшын тіліндегі топтамасын жарыққа шығарғандығы болды.

Мейiржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ