Жаңалықтар

ӘРІПТЕСІМІЗ – ДЕПУТАТ!

ашық дереккөзі

ӘРІПТЕСІМІЗ – ДЕПУТАТ!

«Алматы ақшамы» газетiнiң бас редакторы, белгiлi публицист, қаламгер Қали Сәрсенбайдың есiмi көзi қарақты оқырманға жақсы таныс. Оның қаламынан туған көркем дүниелерi қазақтың мәдениетiн өркендетуге үлес қосып келедi.

Белгілі көсемсөз шебері, мә­де­ниет­та­нушы, Президенттік сыйлықтың иегері Қали Сәрсенбай басқаратын «Алматы ақшамы» газеті де оңтүстік астананың шамшырағына айналған. «Мың жасаған қаланың шамшырағында» Қали Сәрсенбайдың толғамды ой саптаулары жиі жарық көріп жүр. Білікті публицист, білгір көсемсөзші жуырда өткен аламан бәйгеге қатысып, саяси додада бағын сынаған болатын.

Халық та өз тарапынан әділ таңдауын жасап, таяуда Қали Сәрсенбайды Алматы қаласы, Алатау ауданының №26 сайлау округі бойынша қалалық мәслихатқа депутат сайлады.

Әріптесімізді айтулы жеңісімен құттықтаймыз!

ТҮРКIСТАНДЫҚТАР