ЖАҢАӨЗЕНДЕ САЙЛАУ ӨТЕДІ
ЖАҢАӨЗЕНДЕ САЙЛАУ ӨТЕДІ
Жаңаөзендегі төтенше жағдай қаңтардың 5-інен 31-іне дейін ұзартылды. Осыған орай Жаңаөзен тұрғындары алдағы сайлауда дауыс беру құқығынан айыру жөнінде Орталық сайлау комиссиясы бірер күн бұрын конституциялық кеңеске бірқатар мәселелерді түсіндіріп беру туралы қолдаухат жіберген еді. Өйткені Қазақстанның кейбір заңдылықтарында төтенше жағдай жарияланған елді мекенде сайлау өткізілмейтіндігі көрсетілген. Онда Орталық сайлау комиссиясы «төтенше жағдай енгізілген Жаңаөзен қаласында сайлау кезінде азаматтардың құқығы шектелмей ме, сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты шектеулер қоюға жол бере ме?» деген сауалдар жолдаған. Конституциялық кеңес Ата заңға және бірқатар заңдарға сүйене отырып, шешім шығарып, Жаңаөзен тұрғындарының алдағы сайлауда дауыс бере алмайтындығын мәлімдеген еді. Алайда Елбасы Н. Назарбаев ОСК-ның бұл шешіміне вето қойды. «Бұл Жаңаөзен тұрғындарының конституциялық құқығына шек келтіреді» делінген мәлімдемеде.