Жаңалықтар

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ КЕҢЕСІ

ашық дереккөзі

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ КЕҢЕСІ

Жуырда «Жас Алаш» газетi «Зиялы қауым, бармысың?» деген тақырыпта зиялылармен кездесу өткiздi. Кездесудi газеттiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай бастап, жүргiзiп отырды.

Сөйлеушілердің негізгі тақырыбы Жаңаөзендегі жағдайды талқылау жайында болды. Олар өз пікірлерін ортаға сала отырып, жаңаөзендіктерге жанашырлық танытып, көмек қолын созудың тиімді жақтарын қарастырды. Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаев, Болат Әбілов, Ғаббас Қабышұлы, Зейнеп Ахметова, Мереке Құлкенов, Темірхан Медетбек, Болат Атабаев, Бибі-Ана, Болат Атабаев, Бейбіт Қойшыбаев және Дос Көшім ұсыныстарын алға тартты. Сөйлеушілер арасынан өз ойларын ашына айтқан жандардың сөзі ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ.

Жиын соңынан зиялылардың он бір адамнан тұратын ақылдастар алқасы құрылып, арнайы үндеу қабылдады.