САЙЛАУШЫЛАР ТIЗIМIНIҢ ДҰРЫСТЫҒЫ КӨП ЖАҒДАЙДА ӘРБIР САЙЛАУШЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ

САЙЛАУШЫЛАР ТIЗIМIНIҢ ДҰРЫСТЫҒЫ КӨП ЖАҒДАЙДА ӘРБIР САЙЛАУШЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ

САЙЛАУШЫЛАР ТIЗIМIНIҢ ДҰРЫСТЫҒЫ КӨП ЖАҒДАЙДА ӘРБIР САЙЛАУШЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ
ашық дереккөзі

Конституция мен сайлау туралы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматтары, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысуға құқылы.

Әрбiр сайлаушы осы құқығын iске асыра алуы үшiн әкiмдiктер сайлаушылар тiзiмiн жасайды. Бұл ретте әкiмдiктердiң лауазымды адамдары олардың дұрыстығы үшiн жауапты болады.

Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.Азаматтың тұрғылықты жерi бойынша тiркелуiн нақтылайтын құжат азаматтарды тiркеу кiтабы болып табылады.

Жатақханаларда тұратын күндiзгi бөлiмдерде оқитын студенттер мен аспиранттар сайлаушылар тiзiмiне жатақхананың орналасқан жерi бойынша енгiзiледi.

Әскер бөлiмдерiндегi сайлаушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылардың тiзiмi әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде жасалады.

Егер сайлаушы уақытша болу орындарында, мысалы: демалыс үйлерiнде, санаторийлерде немесе вахталық жұмыста болса, онда сайлаушылардың тiзiмдерi сол мекемелердiң басшылары берген деректер негiзiнде жасалады. Бұл тiзiмдер дауыс беруге бiр күн қалғанда мiндеттi түрде нақтылануға тиiс.

Шет мемлекеттерге жеке шақырулар бойынша, қызметтiк, iскерлiк және туристiк сапармен келген Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтiнiш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болса, шет мемлекеттердегi сайлау учаскелерiнде сайлаушылар тiзiмiне енгiзiледi.

2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап сайлаушылар сайлаушылар тiзiмiндегi өздерi туралы мәлiметтердi тексере алады.Әрбiр сайлаушы сайлау учаскелерiнде сайлаушылар тiзiмiндегi өзi туралы деректердi тексере алады.

Бұл үшiн жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тұрғылықты жерiн растайтын құжаттарымен учаскелiк сайлау комиссиясына барып, сайлаушылар тiзiмiмен мұқият танысуы керек.

Сайлаушының аты-жөнi тiзiмде болмай шықса немесе ол туралы деректерде жаңсақтықтардың бар екенi анықталса, сайлаушы тиiстi құжаттардың негiзiнде өзiн тiзiмге енгiзудi немесе қажеттi түзетулер жасауды талап етуге құқылы.

Сайлаушының аты-жөнiн тiзiмге енгiзуден немесе ол туралы деректерге түзетулер енгiзуден бас тартылған жағдайда сайлаушының сотқа шағымдануға құқығы бар.

2011 жылғы 30 желтоқсаннан бас­тап 2012 жылғы 14 қаңтарға дейiн сайлаушылардың дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгiн алуына болады.

Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауында дауыс беру күнi сайлаушы өзiнiң тұрғылықты жерiнен тыс жерде болса, ол басқа сайлау учаскесiнде дауыс бере алады.

Бұл үшiн 2011 жылғы 30 желтоқсан мен 2012 жылғы 14 қаңтарға дейiнгi аралықта тiркелу орны бо­йынша учаскелiк сайлау комиссиясына барып, дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгiн алу керек.

Ол жазбаша өтiнiш негiзiнде, жеке бас­ты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде берiледi.Дауыс беру күнi учаскелiк сайлау комиссиясы, дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгi мен сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде, оны барған жерi бойынша сайлаушылар тiзiмiне енгiзедi.

Бiр елдi мекен аумағында басқа сайлау учаскесiнде дауыс бергiсi келетiн сайлаушыларға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгi берiлмейдi.

Сондай-ақ мәслихаттардың депутаттарын сайлауда дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгi берiлмейдi.

САЙЛАУ КҮНI ДАУЫС БЕРУ ТӘРТIБI

Өзiнiң сайлау учаскесiнде жеке куәлiгiң немесе республика азаматының паспортын, уақытша жеке куәлiктi, жедел қызметтегi әскерилердiң әскери билетiн ұсына отырып, сайлаушы үш сайлау бюллетенiн алады.

Бiр дауыс беру бюллетенi – партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Мәжiлiс депутаттарын сайлау бойынша.

Екiншi бюллетень – облыстық немесе Астана мен Алматы қалалары мәслихаттарының депутатын сайлау бойынша дауыс беру үшiн.

Үшiншi бюллетень – қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша дауыс беру үшiн.

Астана мен Алматы қалаларының сайлаушылары екi бюллетень алады.

Әрбiр сайлаушы бюллетеньдi жасырын дауыс беру кабинасында толтырады.

Сайлаушы өзiнiң дауысын беретiн саяси партия атауының немесе мәслихат депутаттығына кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағындағы бос шаршыға белгi қою керек.

Бiр белгiден артық белгi қойылған, қарындашпен толтырылған, сондай-ақ сайлаушының ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.

05.01.2012

Қазақстан РеспубликасыныңОрталық сайлау комиссиясы