ЖАҢА ЖЫЛҒА – АҚ ЖОЛМЕН!
ЖАҢА ЖЫЛҒА – АҚ ЖОЛМЕН!
ҚҰРМЕТТI ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
«Ақ жол» партиясы 31 желтоқсанның жаңа жылдық түнiнде Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталықтарында «Жаңа жылға – Ақ жолмен» деп аталатын спорт жарысын ұйымдастырады.
Жарыс 1 километр аралыққа жүгiру түрiнде өткiзiледi, ол 2011 жылдың 31 желтоқсанында сағат 23.45-те басталып, 2012 жылдың 1 қаңтарында сағат 00-де аяқталады.
Жарыстың мақсаты – салауатты өмiр салтын насихаттау және келiп кiрген 2012 жылда жұртшылықтың жақсы көңiл-күйiн қалыптастыру.
Тiлек бiлдiргендердiң бәрiн Жаңа 2012 жылды бiзбен бiрге қарсы алуға шақырамыз!
Жүгiруге белгiлi спортшылар, қоғам қайраткерлерi және еңбек ұжымдары қатысады.
Астана қаласындағы жиналу орны : «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34.
Әрбiр нақты қала бойынша жүгiру маршруттары жергiлiктi баспасөзде қосымша хабарланатын болады.
29.12.2011