Жаңалықтар

САДУАҚАС ҒЫЛМАНИ – ҒЫЛЫМИ АЙНАСЫНДА

ашық дереккөзі

САДУАҚАС ҒЫЛМАНИ – ҒЫЛЫМИ АЙНАСЫНДА

Жақында Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті қоғам және дін қайраткері, 110 мың сөзден тұратын арабша-қазақша сөздіктің авторы, Қазақстан Діни орталығын – Қазиятын 1952-1972 жылдары басқарған тұлға, ақын, аудармашы Садуақас Ғылманидың (1890 жылы туған) өмірі мен шығармашылығына арналған «Тұлға және ғұлама құбылысы: кеше, бүгін және ертең» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми жиынды ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институты мен «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қоры бірлесіп өткізді. Конференцияда профессорлар Д.Қамзабекұлы, С.Негимов, А.Төлеубаева, Т.Жұртбай, Астана қаласы «С.Ғылмани» мешітінің бас имамы Б.Қыдырбайұлы, дінтанушы-ғалымдар К.Тиышхан, О.Темірбеков, Е.Шоқаев, ақын-журналист С.Байбосын, өлкетанушы Т.Жанайдарұлы баяндама жасады. Шараға С.Ғылманидың перзенттері –Үкіжан, Әмина қатысты. 2010 жылы «Ел-Шежіре» баспасынан шыққан «Садуақас Ғылмани. Шығармалары» атты кітаптың (құрастырушысы Д.Қамзабекұлы) таныстырылымы өтті.

Ғылыми конференцияда Садуақас Ғылманидың әлі жарияланбаған мұраларын іздестіру, қазақша-арабша сөздігінің толық нұсқасын жариялау, бүгінгі дін насихаттау ісінде ғұламаның жөн-жобасын пайдалану және қайраткердің атын мемлекеттік дәрежеде лайықты ұлықтау туралы қарар қабылданды.