КҮНГЕЙ ҚЫСҚА ДАЙЫНДАЛУДА
КҮНГЕЙ ҚЫСҚА ДАЙЫНДАЛУДА
Ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерейлi мерекесiн Оңтүстiк Қазақстан облысы лайықты табыстармен қарсы алуда. Оның басты мазмұны өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiмен анықталса керек. Нақтырақ айтқанда, өндiрiстiң өркендеуiмен, өндiрiлген өнiмдердiң артуымен, әлеуметтiк саланың мұқтаждарын рет-ретiмен шешу және мемлекеттiк қазынаны толықтырып отыру арқылы сипатталады. Осы жағынан алғанда өткен он айда Оңтүстiк өңiрiнде бiрқатар жұмыстардың сәтiмен жүзеге асқанын көруге болады.
Мәселен өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi биыл 2010 жылдың он айымен салыстырғанда 101,9 пайыз болып, 293,4 миллиард теңгенi құрады. Бұл цифрдың астарында үлкен еңбек, маңдай тер жатыр. Ескi өндiрiс орындарының жағада қайырлап қалуы, жаңа кәсiпорындардың өмiрге жолдама алуы, сапа менеджменттiк жүйенi игеру, жұмыстың тиiмдiлiгiне қол жеткiзу – бәрi-бәрi бар. Өнеркәсiптi дамытуға, әсiресе мемлекеттiк “Үдемелi индустриалды-инновациялық даму” бағдарламасы зор серпiн берiп отыр. Соның аясында облысымызда қаңтар-қазан айларында құны 11,2 миллиард теңгенi құрайтын 30 жоба жүзеге асырылып, 1320 жаңа жұмыс орны ашылды.
Облыстың ауыл шаруашылығы бойынша биылғы он айда жалпы өнiм көлемi 187,2 миллиард теңгенi құрады. Бұл өткен жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда 7,5 пайыз жоғары. Өсiм негiзiнен мал шаруашылығы өнiмдерiнiң артуы есебiнен мүмкін болып отыр. Мәселен есептi мерзiмде облыста ет өндiрiсi 5,6 пайызға сиырдан сауылатын сүт 4,2 пайызға артты.
Егiншiлiк саласы бойынша облыста соңғы жылдары көкөнiс, жемiс-жидек өнiмдерiн молайтуға байланысты үлкен жұмыстар қолға алынуда. Жыл басынан берi жылыжай көлемi 182 гектардан асты. Гектар түсiмiн көтерудiң тиiмдi жолы – тамшылатып суару әдiсi 6910,6 гектарға қолданыла бастады. Сондай-ақ, қазiргi заман талабына сай ауыл шаруашылығы қоймалары салына бастады. Оның жалпы сыйымдылығы – 48,7 мың тонна.
Шағын және орта бизнес Оңтүстiк экономикасының негiзгi тұтқасы болып қалыптасуда. Жыл басынан берi шағын кәсiпкерлiк нысандарында 391,6 миллиард теңгенiң өнiмiн өндiрдi. Бұл өткен жылғы он айдағы көрсеткiштен әжептәуiр жоғары. Кәсiпкерлiктi кеңiнен дамытуға жергiлiктi қаржы институты болып табылатын “Максимум” аймақтық инвестициялық орталығының ықпалы күштi болып тұр. Биылғы он айда осы аймақтың инвестиция қоры арқылы 3,3 миллиард теңгеге 1886 жоба қаржыландырылды. Бұл өткен жылғы осы мерзiмдегi көрсеткiштен 2,1 есе көп.Жалпы, облыс экономикасын дамытуға биылғы он айда 197,7 миллиард теңге инвестициялық қаржы жұмсалды. Оның iшiнде құрылыс жұмыстарына бағытталған инвестиция өткен жылмен салыстырғанда үш еседей артты. Қалың көпшiлiктiң бiрiншi мұқтажы болып саналатын тұрғын үй құрылысы үшiн биыл 8,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Соның нәтижесiнде 109 млрд. теңге мөлшерiнде құрылыс жұмыстары атқарылып, жалпы алаңы 170 мың шаршы метрдей тұрғын үй пайдалануға берiлдi.
Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басты көрсеткiшiнiң бiрi – бюджеттiк түсiмдердi молайту. 2011 жылдың қаңтар-қазанында мемлекет қазынасына түскен салықтар мен басқа да төлемдердiң көлемi 168987,2 млн. теңгенi құрап, он айлық жоспар 110,5 пайыз орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 145,5 пайыз болып отыр.
Халықты еңбекпен қамту және әлеуметтiк қорғау саласында да жыл басынан берi қолға алынып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен кәмелеттiк жасқа толмаған 214 мыңға жуық балаға 2 млрд. 378,6 млн. теңге мөлшерiнде мемлекеттiк жәрдемақы берiлiп, аз қамтамасыз етiлген 5756 отбасыға 83,8 млн. теңге мөлшерiнде тұрғын үй көмегi тағайындалды. Облыста жалпы жұмыссыздық деңгейi 5,8 пайыздан 5,7 пайызға дейiн төмендедi.
Ал жұмыс iстейтiн азаматтардың айлық жалақысы былтырғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда 15,5 пайызға өсiп, орташа мөлшерi 65174 теңгенi құрап отыр.
24.11.2011 (Мәліметтер Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінен алынған)