ЧЕМПИОНДАРҒА АРНАЛҒАН ӘН

ЧЕМПИОНДАРҒА АРНАЛҒАН ӘН

ЧЕМПИОНДАРҒА АРНАЛҒАН ӘН
ашық дереккөзі
Жуырда, Мәдениет және ақпарат минис­трлігінің тапсырмасы бойынша Конституция күнінің аясында Алматы қаласының «Достық үйі» этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығындағы Орыс, славян, казактар орталығы мен Қазақстандағы дүнген этномәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған Олимпиада чемпиондары Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаны құрметтеуге арналған салтанатты концерт өтті. Кешті жүргізуші Орыс, славян және казактар орталығының төраға орынбасары А.П.Чесноковтің кіріспе баяндамасынан кейін, Қазақстандағы дүнген этномәдени орталығының төрағасы А.В.Войнце құттықтау сөзін жолдады. Ұлықтау шарасына Зүлфия Чин­­шанло мен Майя Манезаның жат­тық­тырушысы Алексей Ни де қатысты. Қазақстанның барлық ұлттар өкілдері, атап айтқанда − кәріс, қырғыз, ұйғыр, түрік, орыс, армян және т.б. халықтар өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Кештің соңында дүнген композиторы Қамалов Әділдің екі жеңімпазға арналған мадақтау әнінің тұсаукесері болды. Автор: «Олар, дүнген ұлтының ғана емес, Қазақстанның және бүкіл мұсылман халықтарының мақтанышына айналған қыздар», − деп, әннің қайырмасында көрініс тапқан «Чиншанло, Манеза» деген жолдары арқылы өзінің ілтипатын білдірді. Жеңімпаздардың жат­тық­ты­рушысы Алексей Ни: «Лондоннан келгенімізге жиырма күн болды. Осы уақытқа дейін Қазақстанның көптеген жерлерінде қонақ болып, құттықтау концерттерді көрдік. Солардың ішінде бүгінгі қойылған концерттің орны ерекше», − деп атап өтіп, дән ризашылығын білдірді.
Айнұр ҚАЗТУҒАНОВА, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институты